Page 156 - indexf
P. 156

нәтижесінде олардың көлемі мен орналасу орнына байланысты
түзетулер жасауға болады.

    5-есеп
    Жұптық талдау әдісін пайдалана отырып, бір бөлмелі пәтердің
бағасын бағалау?

10-кесте. Ұқсас бір бөлмелі пәтерлер туралы ақпарат

Параметрлері        Бағаланатын      Сатылған пәтерлер
                         пәтер     №1 №2 №3

Лоджия              + - +-

Қабат               4/8             2/8   2/8                4/8
                     ?             3500  3600               3750
Сатылу бағасы, мың
теңге

11-кесте. Салыстыру үшін алынған пәтерлер арасындағы айырмашы-

лықтарға түзетулерді есептеу

Сатылған Сату бағаларындағы Сату бағаларындағы айырманың

жұптар айырма, мың теңге                 себептері

№1 және №2 100                   Лоджия болуына байланысты
                                 айырмашылық (100 мың тг.)

                                 Бастапқы және ортаңғы қабаттар

№1 және №3 250                   бойынша тұтыну рейтингінің әр

                                 түрлі болуы (250 мың тг.)

№2 және №3 150                   Лоджия (+100мың тг.), қабат (–250
                                 мың тг.) 100+(–250) =150 мың тг

    Бағаланатын пәтердің бағасын есептеу варианттары:
    ●● №1 пәтерді сату бағасын база етіп қарастырған жағдайда
    3500 + 100 (лоджия) + 250 (орналасқан қабаты жақсы) = 3850 мың
    теңге
    ●● №2 пәтерді сату бағасын база етіп қарастырған жағдайда
    3600 + 250 = 3850 мың теңге
    ●● №3 пәтерді сату бағасын база етіп қарастырған жағдайда
    3750 + 100 = 3850 мың теңге
    Жоғарыда көрсетілген есептеулер негізінде бағаланатын пәтердің
бағасы 3850 мың теңгені құрайды.

                              156

⇐ МАЗМҰНЫ
   151   152   153   154   155   156   157   158   159   160   161