Page 163 - indexf
P. 163

12-есеп
    Шығынға негізделген амалды пайдалана отырып, жеке тұрғын үйді
салынған құрылыстарымен қоса алғанда бірге бағалау. Келесі дерек-
тер берілген:

   18-кесте. Жеке тұрғын үйді салынған құрылыстарымен қоса алғанда
   бірге бағалау деректері

№ Параметрлер Өлшем бірлігі Мөлшері

1 Үй көлемі                            кв.м 42

2 Үй салу құрылысының құны             теңге/ кв.м  30 000

3 Көлік тұратын орын көлемі            кв.м 20

4  Көлік тұратын орын құрылысының      теңге/ кв.м  10 000
   құны

5 Көшетхананы ұдайы ұлғайту құны мың теңге          40

6 Жөнге келтірілетін физикалық тозу мың теңге       56

7 Ғимараттардың жөнге                  %            15
       келтірілмейтін физикалық тозуы

8  Саяжайжың                           мың теңге    40
   атқарымдық(функционалды) тозуы

   Жер телімінің нарықтық құны         мың теңге    150

    Жеке тұрғын үйді салынған құрылыстарымен бірге ұдайы ұлғайту
құнын (ҰҰҚ) анықтаймыз:

    ҰҰҚ = 42 × 30 000 + 20 × 10 000 + 40 000 = 1 500 000= 1500 мың
теңге

    Ғимараттардың жөнге келтірілмейтін физикалық тозуын (Т)
анықтаймыз:

    Т = (1500 – 56) × 15% = 217 мың теңге.
    Сонда жинақталған тозу (Тжин): Тжин = 217 + 56 + 40 = 313 мың
теңге.
    Жеке тұрғын үйді салынған құрылыстарымен қоса алғанда бірге
есептелінген құны (Қб):
    Қб = 150 + 1500 – 313 = 1337 мың теңге.

    13-есеп
    Тиімді тұтынылатын уақыты – 15 жыл болатын жеке тұрғын үйдің
құнын анықтаңыз. Жеке тұрғын үйдің экономикалық өмір мерзімі
(ЭӨМ) – 60 жыл, осы үйдің дәл көшірмесінің құрылысы 600 мың
теңге, жер телімінің құны – 20 мың теңге екені анықталды.

                                163

   ⇐ МАЗМҰНЫ
   158   159   160   161   162   163   164   165   166   167   168