Page 162 - indexf
P. 162

Сатуға ұсынылған, құрылыс салынған саяжай телімінің құны 60
450 теңге.

     17-кесте. Сатуды салыстыру әдісін пайдалана отырып, бағаланатын
     объектіге ұқсас, жақында сатылған объектінің тозуын анықтау
Сатуды салыстыру әдісін пайдалана отырып, бағаланатын объектіге ұқсас,
жақында сатылған объектінің тозуын анықтау жолы:
1. Жер телімінің құнын анықтау, (Қжт)
2. Жақсартулардың құнын тозу деңгейін ескере отырып анықтау (Қж).
Ол объектіні сату бағасынан (СБ) жер телімінің құнын шегеру арқылы
анықталады. Қж = СБ – Қжт
4. Объектіні бағалайтын күндегі жаңа құрылыстың құнын анықтау, (Қжқ)
5. Үй құрылыс ғимараттары бойынша жинақталған тозу мөлшерін анықтау
Тж = Қжқ – Қж
5. Салыстырылатын объектінің тиімді тұтынылатын уақытын анықтау (УТ)
6. Абсолюттік шамадағы жылдық орташа тозу мөлшерін анықтау Тжыл:
Тжыл = Тж / УТ

7. Жылдық орташа тозу шамасын пайыз бойынша анықтау:
Тж(%) = 100 × Тжыл / Қжқ

    10-есеп
    Шығынға негізделген амалды қолдана отырып ғимаратты
бағалаңыз? Ғимараттың көлемі (ҒК) 850 кв. м, тиімді тұтынылатын
уақыты (УТ) – 5 жыл, экономикалық өмір мерзімі (ЭӨМ) – 70 жыл,
осыған ұқсас жақын уақытта салынған ғимараттың 1 м2-ның құны
(ҒҚ)-300 дол.
    Шешуі: өмір мерзімі әдісі бойынша тозу мөлшерін анықтаймыз.
    Т = (УТ /ЭӨМ) × ҒҚ × ҒК = (5 / 70) × 300 × 850 = 18 214,3 дол
    Ғимараттың тозуы 18,2 мың дол.
    Ғимараттың құны 300 × 850 – 18,2 = 236,8 мың дол.

    11-есеп
    Жаңа тұрғын үй ғимараты құрылысының құнын анықтаңыз.
Бағаланатын ғимараттың көлемі 12  000 м2, оған ұқсас объекті
құрылысының 1 м2-ның құны 7 мың теңге. Дегенмен, бағаланатын
объектіде, оған ұқсас объектіге қарағанда бірнеше пәтерге құны 900
мың теңге душ алатын кабиналар қосылған.
    Шешуі: 12  000 × 7 + 900 = 84  900 мың теңге. Жаңа тұрғын үй
ғимараты құрылысының құны 84,9 млн. Теңге құрайды.

           162

⇐ МАЗМҰНЫ
   157   158   159   160   161   162   163   164   165   166   167