Page 159 - indexf
P. 159

айырмашылығын бейнелейді, олар: қолма-қол есептесу, қолма-қол
ақшасыз есептесу, қарыздарды немесе несие бойынша пайыздарды тап-
сыру, әлде беру, мәмілені сатушы тарапынан қаржыландыру, яғни сату-
шы сатып алушыға ипотекалық несие беруі. Сатылу күніне байланысты
түзетулерді бағаланатын объектіге физикалық және экономикалық си-
паттамасы жағынан ұқсас сатылған объектілер мәмілелерінен алуға бо-
лады. Бұл түзету ақшаның сатып алу қабілетінің өзгерісін сипаттайды,
немесе жылжымайтын мүлік нарығындағы инфляцияң айғағы болып
табылады. Оны есептеу барысында ҚР Ұлттық банкінің Басқармасы
2013 жылдың 29 наурыздағы №88 Қазақстан Республикасының Ұлт-
тық Банкінің Басқармасының қаулысымен ресми қайта қаржыландыру
мөлшерлемесі қазіргі кезге дейін 5,5% деңгейінде қалыптастырылған.
Егер, сатылу уақытынан бағалау уақытына дейін үш ай мерзімінде
уақыт өтсе, түзету мөлшері 1,4% құрайды, яғни (3*5,5/12=1,374=1,4)

    Берілетін заңды құқықтары мен шектеулер бойынша түзетулер
сатушыдағы құқық орнатушы құжаттардың дайындалу деңгейін еске-
ре отырып, құжаттарды дайындауға арнайы мамандандырылған заң
фирмалары бекіткен бағалар негізінде анықталынады.

    Орналасқан жері бойынша түзетулер қаланың қандай ауда-
нында орналасқандығын, қала орталығынан алыстығы, әлеуметтік
инфрақұрылымның дамуы, орталық магистралдарға шығу мүмкіндігі,
экология ерекшеліктері және басқалай ерекшеліктері ескеріледі.
Тұрғын үйге жатпайтын ғимараттар үшін түзетулердің сандық мәні
қаланың, облыстың территориясын бөлу, топтастыру туралы ресми
түрде бекітілген құжаттарға сай анықталынады.

    Объектінің қазіргі жағдайы, жинақталған тозу шамасы бойынша
оны жаңа ғимаратпен салыстыра отырып бағаланады.

    Бағаны көлеміне байланысты түзетуді анықтау үшін, осы объектіге
ұқсас көлемдері әр түрлі сатылған объектілерге талдау жасайды.

    Архитектуралық ерекшелік, конструктивті шешімдер, техникалық
қабат және жертөленің болуы, көгалдандыру есепке алынады және
олар бойынша түзетулер жүргізіледі. Коммуникацияның болуы және
оның жағдайы объектінің құнын арттырады немесе азайтады.

    Жер телімі көлеміне түзетулер жер кесіп беру деректеріне сай
жүргізіледі.

    Салыстырмалы амал негізінде жылжымайтын мүлік құнын
анықтау, негізінен оған ұқсас сатылған объектілер туралы нарықтық
деректерді талдау арқылы, салыстырылатын объектілер арасындағы
айырмашылықтарды деңгейлестіру үшін, қажетті түзетулер енгізу
негізінде жүзеге асырылады. Мұнда, нақты жылжымайтын мүлік

           159

⇐ МАЗМҰНЫ
   154   155   156   157   158   159   160   161   162   163   164