Page 161 - indexf
P. 161

Шығынға негізделген амал
    Жылжымайтын мүлік құнын анықтауда шығынға негізделген амал-
дарды қолдану ең алдымен жер телімін бағалаудан басталады. Сонан
соң бағаланатын жақсартулар бойынша жаңадан құрылыс салу құны
және жинақталған тозу анықталынады. Шығынға негізделген амал-
дарды қолданудың соңғы кезеңінде объектінің қорытынды құнын
анықтау үшін жер телімінің құны және жинақталған тозу шегерілген
жаңа құрылыс шығындары қосындыланады.
    Шығынға негізделген амалдар негізінде жылжымайтын мүлік
құнын бағалау келесі кезеңдерден тұрады:

    16-кесте. Жылжымайтын мүлікті бағалау үшін шығынға негізделген
    амалды қолдану кезеңдері

Шығынға негізделген амал:
1. Неғұрлым тиімді пайдалануды есепке ала отырып жер телімінің құнын
есептеу (Қжер)
2. Бағаланатын объектінің жаңа құрылысын салу шығындарын есептеу (Қжқ)
3. Жинақталған тозу деңгейін анықтау (Тж)
4. Жинақталған тозу деңгейін ескере отырып,жақсартулардың құнын (Қж)
есептеу: Қж = Қжқ – Тж

5. Жылжымайтын мүліктің қорытынды құнын (Қб) анықтау: Қб = Қжер + Қж

    9-есеп
    Құрылыс салынған саяжай телімі сатылады. Саяжай телімін ұдайы
жаңғырту 50 мың теңге, оның тиімді тұтынылатын уақыты – 10 жыл,
жер телімінің құны – 15 мың теңге. Осы ауданда, аталған телімге
ұқсас объекті 70  мың теңгеге сатылған. Дәл осындай үйді салу үшін
қажет құрылыс шығындары 55 мың теңге. Сатылған объектінің жер
телімін жеке бағалау барысында, оның құны 20 мың теңге екендігі
анықталды. Сатуға ұсынылған, құрылыс салынған саяжай телімінің
құнын анықтаңыз, мұндағы салыстырылатын телімдердегі үй,
құрылыстардыңтиімді тұтынылатын уақыты бірдей.
    Шешімі:
    √√ сатылымдарды салыстыра отырып тозу мөлшерін анықтаймыз:

         Қжқ2 = 70 000 – 20 000 = 50000 теңге.
         Тж2 = 55 000 – 50 000 – 5 000 теңге.
         Тж2(%)= 100 × 5 000 / 55 000 = 100 × 0,091 = 9,1%
    √√ бағаланатын объектінің құнын анықтау,(Қб) :
         Тж1 = Қжқ2 × Тж2(%) = 50 000 × 9,1% = 4550 теңге.
         Қб = 50 000 – 4550 + 15 000 = 60 450 теңге.

           161

⇐ МАЗМҰНЫ
   156   157   158   159   160   161   162   163   164   165   166