Page 158 - indexf
P. 158

Сатылған ұқсас объектілер туралы деректер негізінде, Алматы ау-
данында орналасқан қойма ғимаратының құнын анықтаңыз.

   12-кесте

                   Бағаланатын Алматы ауданында

   Сатылу бағасы,  объектімен салыстырғандағы
      мың теңге
№                            сипаттама                    Аудан
                                                        Алматы
                   кіріс жолдары  өрттен қорғау үшін
                                  сигнал беру жүйесі

1 790              15%-ға нашар ұқсас

2 940              ұқсас          5%-ға нашар         Сарайшық

3 870              10%-ға жақсы ұқсас                   Сарыарқа

    Сонымен қатар, Алматы ауданында орналасқан қойма ғимаратының
Сарайшық ауданына қарағанда10%-ға арзан және Сарыарқа ауданына
қарағанда 15%-ға қымбат екені белгілі.

   13-кесте. Мультипликативті пайыздық ауытқулар әдісін қолдана оты-
   рып, ұқсас объектілердің дәлдеп түзетілген бағасын есептеуге болады:

     Сатылу        Үлесі бойынша түзету               Дәлдеп
   бағасы, мың                                     түзетілген
№                     кіріс  өрттен қорғау  Аудан  сату бағасы,
       теңге       жолдары    үшін сигнал           мың теңге
                              беру жүйесі

1 790              1,15 1,00                1,00 908,5

2 940              1,00 1,05                0,90 888,5

3 870              0,90 1,00                1,15 900,5

    Осы әдіс негізінде бағаланатын объектінің құнын 900 мың теңге деп
қарастыруға болады. Салыстырылатын объектілердің сату бағаларына
түзетулер енгізу белгілі бір қалыптасқан тәртіп бойынша жүргізіледі.
Алдымен, мәміле жағдайларына және нарық жағдайы, оның конъюнк-
турасына сай түзетулер енгізіледі. Мұнда, берілетін меншік құқығының
құрамы, қаржыландыру жағдайлары және мәмілені жасау жағдайлары,
сатылу күні немесе құнын бағалау күні ескеріледі. Мұнан соң, жыл-
жымайтын мүлік объектісіне тікелей қатысы бар түзетулер енгізіледі,
олар: орналасқан жері, физикалық сипаттамасы, пайдалану сипатта-
масы. Түзетулерді енгізу алдыңғы, яғни әуелгі нәтижеге әрбір кейінгі
түзетулерді енгізу арқылы жүзеге асырылады.

    Қаржыландыру және салық салу жағдайларына түзетулер
енгізу сатушы мен сатып алушының аралығындағы есептесудің

                             158

⇐ МАЗМҰНЫ
   153   154   155   156   157   158   159   160   161   162   163