Page 200 - indexf
P. 200

Жер жақсарту – жер телімінің сапалық сипаттамаларының
және оның құнының өзгеруіне әкелетін қандай да бір іс-шаралардың
нәтижесі. Жер жақсартуларына жер телімінің шегінде орналасқан ны-
санасын өзгерту мен құнсыздандырусыз олардың орнын ауыстыруға
болмайтын материалдық объектілер, сондай-ақ шаруашылық қызметтің
немесе жүргізілген белгілі бір жұмыстың (рельефті өзгерту, грунтты
жақсарту, егісті, көп жылдық екпелерді, инженерлік инфрақұрылымды
орналастыру және т.б.) нәтижелері жатады;

    Жобалау компаниясы – жарғылық капиталының елу процент-
тен астамын үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар
құрылысын ұйымдастыру жөніндегі лицензияланатын қызметті жүзеге
асыратын құрылыс салушы қалыптастырған заңды тұлға;

    Жалға берiлетiн үй – жеке және заңды тұлғаға меншiк құқығымен
тиесiлi тұрғын үй, тұрғын жай, жалға беруге арналған тұрғын үй-
жайлар, пәтерлер. 

    Жоба – жеке және заңды тұлғалардың немесе мемлекеттiң сәулет,
қала құрылысы және құрылыс құжаттамасы, сызбалар, графикалық
және мәтiндiк материалдар, инженерлiк және сметалық есептеулер
нысанында ұсынған, адамның мекендеуi мен тiршiлiк етуiнiң қажеттi
жағдайларын қамтамасыз ету жөнiндегi түпкi ойы;

    Жобалау алдындағы құжаттама – қала құрылысының сәулет
жобаларын, құрылыс жобасын әзiрлеу алдында жасалатын және
бағдарламаларды, есеп берулердi, құрылыстың техникалық-
экономикалық негiздемелерiн, техникалық-экономикалық есептердi,
ғылыми зерттеулер мен инженерлiк iзденiстер нәтижелерiн,
технологиялық және конструкциялық есептердi, нобайларды,
макеттердi, өлшемдер мен объектiлердi зерттеу нәтижелерiн, сондай-
ақ жобалау құжаттамасын әзiрлеу және жобаларды кейiннен iске асыру
туралы шешiмдер қабылдауға қажеттi өзге де бастапқы деректер мен
материалдарды қамтитын құжаттама;

    Жобалау құжаттамасы:
    √√ аумақты көгалдандыру жобаларын, оны сыртқы безендiрудi,

         монументтiк немесе әшекей өнер туындыларын орналастыруды
         және орнатуды (тұрғызуды);
    √√ қала құрылысының жобаларын – аумақтар мен елдi мекендердi
         немесе олардың бөлiктерiн ұйымдастыруды, дамыту мен са-
         луды кешендi қала құрылысын жоспарлау жөнiндегi түпкi ой-
         дан (Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың
         бас схемасы, аумақты дамытудың аймақаралық схемалары,
         аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешендi схема-

           200

⇐ МАЗМҰНЫ
   195   196   197   198   199   200   201   202   203   204   205