Page 13 - indexf
P. 13

Үй-жайға қатысты меншiк құқығының басқа адамға ауысуы ортақ
мүлiктегi тиiстi үлестiң сатып алушыға ауысуына әкеп соғады. Үй-
жайдың және пәтерлердің меншiк иелерiнiң, ортақ мүлiктегi өз үлесiн,
өзiне дара меншiк құқығымен тиесiлi үй-жайдан, әлде пәтерден жеке
бөлiп алуға ешқандай құқығы жоқ.

    Кондоминиум келесі жағдайларда ғана тоқтатылуы мүмкiн:
    –– тұрғын үйдегi барлық үй-жайлар мен ортақ мүлiкке меншiк

         құқығы бiр меншiк иесiне немесе жеке, заңды тұлғаға, мемле-
         кетке ауысқан кезде;
    –– жер учаскесi мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен
         шығарылғанда;
    –– тұрғын үйдiң көп бөлiгi төтенше жағдай салдарынан бүлiнген
         және қираған жағдайда.
    Кондоминиум объектісін басқару органы кондоминиумның әрбір
объектісіне екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашады. Оған үй-
жайлардың, пәтерлердің меншік иелерінің кондоминиумның осы
объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға және ағымдағы жөндеуге
жұмсалатын жарналары, төлемдері аударылады. Сонымен қатар, ол
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалады.
Үй-жайлардың, пәтерлердің меншік иелері кондоминиум объектісінің
ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтау үшін ай сайын кон-
доминиум объектісін басқару органының жинақ шотына айқындалған
мөлшердегі соманы енгізуге міндетті. Бұл сома, тұрғын және тұрғын
емес үй-жайдың пайдалы алаңының бір шаршы метріне есептелінеді.
Ол республикалық бюджет туралы заңға сай, арналып белгіленетін
айлық есептік көрсеткіштің 0,02 еселенген мөлшерінен кем болмайтын
шамада қарастырылады.
    Кондоминиум объектісінің барлық меншік иелерінің тікелей
бірлесіп басқаруы екінші деңгейдегі банктерде шоттар ашылмай
жүзеге асырылуы мүмкін. Кондоминиум объектісін заңды тұлға
құрмай басқарған жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат
және өзге де құжат негізінде уәкілетті жеке тұлға банк шоттарын
ашуды жүзеге асырады, оларға сәйкес осы жеке тұлға банк шоттарын
ашуға және жүргізуге уәкілетті болады. Уәкілетті жеке тұлға кондо-
миниум объектісін басқару үшін ағымдағы және жинақ шоттарын осы
жоғарыда белгіленген мақсаттарда ғана ашады.
    Кондоминиум объектісін басқару органы кондоминиум объектісі
меншік иелерінің талап етуімен банк шоттары бойынша ақшалардың,
тұрғын үйді, тұрғын ғимаратты күтіп-ұстауға арналған қаражаттың
қозғалысы туралы ақпарат ұсынып, есеп береді.

           13

⇐ МАЗМҰНЫ
   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18