Page 13 - index
P. 13

тырып, токқа қосу қажет. Жарықты микроскоптың айнасына, айна-
ның көмегімен жарықты объективке түсіреді.

    5.	Зерттелетін препаратты микроскоптың үстеліндегі препаратты
бағыттайтын қондырғыны нысанаға, объективті х9 қойып, зерттей
бастайды.

    6.	Микроскоптың конденсорын жоғары көтеріп, диафрагманы
1,5 см ашады. Жарық көру жазығына тегіс түсу керек.

    7.	Препараттарды х40 объективпен немесе иммерсиялық майдың
көмегімен х90 объективпен көріп, хромосомаларды талдауға болады.

    8.	х90 объективпен жұмыс істегенде алдын ала х40 объективтің
көмегімен қарайтын затты тауып, препараттың жабыңқы шынысына
бір тамшы иммерсиялық майды тамызып, х90 объективпен қарайды.

    9.	Препараттағы затты талдау үшін, көріну алаңының үстіңгі сол
жағындағы шетінен оңға қарай әр жасушаны талдап, оң шетінен
төмен қарай жылжиды. Осылай препараттағы жасушаларды түгел
талдайды.

    10.	 Препаратты анализдеп болған соң, объективті көтеріп, конден-
сордың линзасындағы, микроскоптың объективтігіндегі майды кси-
лол немесе бензинге малынған жұмсақ шүберекпен сүртеді.

    11.	 Жұмыс аяқталған соң немесе үзілісте препаратты микрос-
коптан алып, х9 объективке қойып, қапшығымен жауып, жарық
түсіргіш қондырғыны электр желісінен ажыратады.

    Тапсырмаға түсініктеме
    Жасушаның тіршілік циклі
    Көпжасушалы организмде жасушалар белгілі бір нақты құры-
лыс пен функцияға ие болады. Соған қарай жасушалардың тіршілік
ету ұзақтығы да әртүрлі. Мысалы: жүйке және бұлшық ет жасуша-
ларында эмбриондық даму кезеңі аяқталған соң, жасушалар бөлі-
нуді тоқтатып, әрі қарай тіршілік барысында өз қызметін атқарады.
Ми жасушалары эпидермис, тоқ ішек эпителийлері сияқты басқа
жасушалар өздерінің арнайы функциясы барысында тез тіршілігін
жояды. Сондықтан да бұл ұлпаларда үздіксіз жасушалық көбею
үдерістері жүріп отырады.
    Жасушалардың бөлінуге дайындық кезеңінде, сонымен қатар
митоз барысында бірінен соң бірі жүретін және өзара байланысты
үдерістер жиынтығын митоздық цикл деп атайды. Ол тіршілік
циклінің бір бөлігін құрайды.

    Жасушаның тіршілік циклі бірнеше кезеңдерден тұрады:

    Жасушаның ДНҚ синтезіне дайындық кезеңі (G1). Ол G1 сим-
волымен белгіленеді. Бұл кезеңде жасушада РНҚ мен нәруыздардың

           13

⇐ МАЗМҰНЫ
   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18