Page 14 - index
P. 14

синтезі жедел түрде жүріп, ДНҚ синтезіне қатысушы ферменттер-
дің белсенділігі жоғарылайды. G1 фазасы аяқталған соң, жасушада
ДНҚ синтезі жүреді.

    1. ДНҚ-ның синтезделу кезеңі (S) символымен белгіленеді.
ДНҚ-ның синтезделу кезеңі немесе оның редупликациялануы – екі
еселенуі. ДНҚ молекуласының редупликациялануы белгілі бір тәр-
тіппен жүреді. Жаңа молекула абсолютті түрде ескі молекулаға ұқсас
болады. Әртүрлі жасушалардағы ДНҚ синтезінің ұзақтығы бірдей
емес: бактерияларда бірнеше минут, ал сүтқоректілер жасушаларын-
да 6-12 сағат.

    2. ДНҚ синтезінің аяқталуы мен митоздың басталу кезеңі (G2 ).
ДНҚ синтезінің аяқталуы мен митоздың басталу кезеңі G2 фазасы
деп аталады. Бұл кезеңде жасушаның митозға дайындығы толық
аяқталады. Митоздық бөліну жүзеге асу үшін жасушаға басқа да
дайындық үдерістері қажет, яғни жасуша орталығының 2 еселенуі
және нәруыздар синтезі, олардан жасушаның өсуін аяқтайтын ах-
роматин жіпшелері құралады.

    Жасушада митоз үдерісі басталғанда, жасушаның функционал-
дық белсенділігі өзгереді. Мысалы, қарапайымдылардағы және
жоғары сатыдағы жануарлар лейкоциттерінің қозғалыстары мен
сұйықты сіңіру қызметі, амебалар вакуольдерінің жиырылғыштығы
тоқталады. Жасушаның арнайы құрылымдары, мысалы, эпителий
жасушаларының кірпікшелері жойылады.

    Митоздық цикл жасушалардың эмбриондық дамуын, өсуін, тү-
зілуін және жас жасушалар арасында тұқым қуалау ақпараттарының
көлемі мен құрамы жағынан тең берілуін қамтамасыз етеді. Сонымен
қатар зақымданған мүшелер мен ұлпалардың қайта қалпына келуі
сияқты тіршілік үшін маңызды құбылыстарды да қамтамасыз етеді.

    Мұны митоздық циклде аналық жасушадағы тұқым қуалау
материалының редупликациясы (екі еселенуі) мен осы материалдың
жаңа ұрпақ жасушаларының арасында тең бөлінуін көруімізге
болады. Мұнда терең биологиялық мағына жатыр, өйткені ДНҚ
құрылымының бұзылуы генетикалық кодтың өзгеруіне әкеледі және
ол организм үшін пайдалы белгілердің дамуын қамтамасыз ететін
генетикалық ақпараттардың сақталуы мен тұқым қуалау белгілерінің
берілуіне кедергі келтіреді. Әрбір организм жасушалардан тұрады.
Организмнің тіршілік етуі мен дамуы жасушалардың көбеюін қам-
тамасыз етеді. Жасушаның бөлінуі деп бір аналық жасушадан екі
немесе бірнеше жасушалардың түзілу үдерісін айтады.

           14

⇐ МАЗМҰНЫ
   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19