Page 114 - index
P. 114

Ә. Генотипі А1 А1 а2 а2 А3 А3 а4 а4 өсімдік, а1 а1 а2 а2 а3 а3 А4 А4
өсімдікпен будандастырылса, ата-ана өсімдіктерінің сабағының биік-
тігі қандай болады? Ғ1 ұрпақ өсімдіктерінің биіктігі қандай?

    10-есеп. Адамда аллельді емес гендер А1 және А2 меланиндер-
дің (қоңыр және қара түсті пигменттер) түзілуін және терінің қоңыр
түсін анықтайды. Ал рецессивті гендер а1 және а2 ақ түсті бақылайды.
Белгілердің көріну дәрежесі генотиптегі доминантты аллельдердің
санына байланысты. Аллельді емес гендердің әрекеттесу типін анық-
таңдар.

    11-есеп. Рецессивті гомозиготалы н гені бойынша адамдардың
эритроциттерінде А және В антигендер түзілмейтіндіктен, адамның
қан тобі І болады. ІА және ІВ гендері жұмыс істеу үшін адамның
генотипінде Н гені болуы қажет. Аллельді емес гендердің әрекеттесу
типін анықтаңдар.

    12-есеп. Жасыл түсті жүгері өсімдігін бір-бірімен будандастыр-
ғанда 15/16 өсімдік жасыл, 1/16 ақ болған. Аталық және аналық
өсімдіктердің генотипін анықтап, алынған нәтижелерді түсіндірің-
дер.

    13-есеп. Қызыл масақты бидайды ақ масақты бидаймен будан-
дастырғанда Ғ1-де ұрпақтардың барлығы қызыл масақты болған.
Қызыл масақты бидайларды бір-бірімен будандастырғанда Ғ2 кезінде
82 қызыл, 5 ақ масақты бидай алынған. Ата-анасының генотипін
анықтап, алынған нәтижелерді түсіндіріңдер.

    14-есеп. Бидай өсімдігін өздігінен тозаңдандырғанда Ғ2-де
алынған ұрпақ 3 жаздық, 1 күздік болып ажыраған. Бастапқы ата-
аналық формалардың генотипін анықтаңдар.

    15-есеп. Егер әйелі де, еркегі де ақшыл болса, олардан қара бала
туылуы мүмкін бе?

    16-есеп. Әйелі де, еркегі де негр отбасында, ата-анасымен са-
лыстырғанда ақшыл бала тууы мүмкін бе?

    17-есеп. Қойлардың кейбір тұқымында жүнінің ұзындығы ор-
та есеппен 40 см, ал кейбіреулерінде 10 см болады. Қойлардың
жүндерінің айырмашылығы бірдей әсер ететін 3 жұп генге бай-
ланысты. Ғ1-де және Ғ2-де ұрпақ қандай болады?

    18-есеп. Қызыл түсті дәнді бидай өсімдігін ақ түсті дәнді би-
даймен будандастырғанда, бірінші ұрпақта өсімдіктер барлығының
дәні қызыл түсті болды. Ал Ғ2 кезінде белгілер ажырады. Белгілер
қалай тұқым қуалайды? Бастапқы өсімдіктердің генотипі қандай?

Егер бірінші ұрпақтың өсімдігін ақ түсті дәнді өсімдікпен кері

будандастырса, қандай ұрпақ шығады?

           114

⇐ МАЗМҰНЫ
   109   110   111   112   113   114   115   116   117   118   119