Page 109 - index
P. 109

10-жұмыс

Тақырыбы: Полимерия.

Мақсаты: Жүгері өсімдігінде (сабағындағы дән қатарлары-

ның) тұқым қуалауының зерттеу барысында гендердің полимерия-

лық әрекеттесуімен таныстыру.

Құрал-жабдықтар:

1. Жүгерінің аналық сортының бірнеше өсімдігі (1-4)

2. Жүгерінің аталық сортының бірнеше өсімдігі (1-4)

3. Ғ1 ұрпақ өсімдігі (3-5)
4. Ғ2 ұрпақ өсімдігі (10-2)
Тапсырмалар:

1. Полимерия құбылысымен танысыңдар.

2. Ата және аналық жүгері өсімдіктері сабағындағы дән қатары-

ның санын анықтау.

3. Ғ1 ұрпақ өсімдік сабағындағы дән қатарының санын анықтау.
4. Ғ2 ұрпақ өсімдік сабағындағы дән қатарының санын анықтау.
Тапсырмаларға түсініктеме:

Егер гендердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде бір белгінің кө-

рінуіне екі, үш немесе одан да көп гендердің әсері болса, ондай

құбылысты полимерия деп атайды. Мұндай гендерді полимерлік

гендер дейді. Оларды бірдей әріптермен белгілейді, бірақ индексі

өзгеше болады. Мысалы, А1А1 А2 А2 немесе а1 а1 а2 а2, А1 А1 А2 А2 А3
А3 немесе а1 а1 а2 а2 а3 а3.

    Полимерлі гендер өсімдіктер мен жануарлардың бағалы, сапалы

белгілері мен қасиеттерін бақылайды. Мысалы, өсімдік бойының

биіктігі, пісу мерзімі, дәнінің орташа салмағы, майлылығы, қантты-

лығы, нәруыз мөлшері, т.б. Полимерлік гендер қызметіне қарай ку-

мулятивті және кумулятивті емес полимерия болып бөлінеді.

Кумулятивті емес полимерия кезінде белгінің дамуы генотиптегі

полимериялық гендердің доминантты аллеліне байланысты келеді.

Бұл жағдайда белгілердің фенотиптік көрінуіне полимерлік гендердің

бір ғана доминантты аллелі жеткілікті болады. Мұнда белгілердің

екінші ұрпақта ажырауы 15 :1; 63 :1 қатынасында және полимерлік

гендердің жұп санына байланысты болады.

Мысалы, аяғы балақсыз тауық пен аяғы балақты қоразды будан-

дастырғанда, бірінші ұрпақтағы шөжелердің барлығының аяғы балақ-

ты болады. Енді бірінші ұрпақ шөжелерін өзара будандастырғанда,
                                                            15
екінші ұрпақта (Ғ2) белгілер ажырап, фенотип       бойынша  16  шөже

балақты,  1   шөже  аяғы  балақсыз  болып  туады.
          16

                               109

⇐ МАЗМҰНЫ
   104   105   106   107   108   109   110   111   112   113   114