Page 110 - index
P. 110

Кумулятивті полимерия кезінде белгінің даму дәрежесі генотип-
тегі полимериялық гендердің доминанттық аллельдерінің санына
тікелей тәуелді болады. Кумулятивті полимерияда екінші ұрпақта
белгілердің өзгеру қатары үзіліссіз жүреді. Бұл құбылысқа мысал
ретінде жүгері собығының ұзындығының өзгеруі мен бидай дәнінің
түсінің өзгеруін және адам терісінің түсін алуға болады. Полимерия
құбылысын алғаш рет 1908 жылы швед ғалымы Нельсон-Эле бидай
дәні түсінің тұқым қуалауын зерттегенде ашқан. Ол түсі қою қызыл
бидай дәні мен ақ түсті бидай дәнін будандастырғанда, бірінші ұр-
пақта өсімдіктер дәнінің түсі аралық ашық қызыл болған. Ал екінші
ұрпақта 64 өсімдіктің ішінде бір ғана ақ түсті дәнді өсімдік, қалған
дәндердің түсі қою қызылдан ақшыл қызылға дейін болған.

    Сонымен, белгілердің ажырауы 63:1 сан қатынасында жүрген.

63  А1  А1  А2 А2  А3  а3  –  а1 а1 а2  а2  А3 а3  1   а1 а1 а2 а2 а3 а3
64                                                 63

қою қызылдан ақшыл қызылға дейін ақ

қою қызыл                               ақ

Р А1 А1 А2 А2 А3 А3                     Х а1 а1 а2 а2 а3 а3
 А1 А2 А3                                а1 а2 а3

                     гаметалар

Ғ1 А1 а1 А2 а2 А3 а3
Р Ғ1 А1 а1 А2 а2 А3 а3        Х              А1 а1 А2 а2 А3 а3

    Мысалы, адам терісінің түсін аллельді емес екі доминантты ген
А1 және А2 анықтайды. Терісінің түсі қою қара адамдардың (негроид-
тер) генотипі А1 А1 А2 А2 генотипі болса, ақ адамдардың генотипі
а1 а1 а2 а2 болып келеді. Ал генотиптері А1 А1 А2 А2 ; А1 а1 А2 а2 ; А1 а1
а2 а2 адамдардың терісінің түсі қарадан – ақшылға дейін болады.

    1-есеп. Жұмыршақ өсімдігінің түрі екі жұп полимерлі гендерге
байланысты – А1 а1 және А2 а2. Бір доминантты гені бар өсімдіктің
(А1 және А2 ) жемісі үшбұрышты және екі, үш, төрт доминантты гені
жоқ (а1а2 а1а2.) өсімдіктің жемісі жұмыртқа пішінді болады. Гендері
бойынша дигетерозиготалы А1 және А2 өсімдіктер будандастырыл-
ған. Фенотипі бойынша Ғ1-дегі ажырауды анықтаңдар.

    Шешуі: ата-аналарының генотипі белгілі: А1 а1А2 а2 және
А1 а1А2 а2. Екі гетерозиготалы гаметалардың төрт типін түзеді:

А1 А2 ;А1 а2;          а1 А2 ;а1 а2 ;        ол 16 генотип түзеді.
Р ♀ А1 а1 А2 а2
                       Х ♂ А1 а1 А2 а2

Г А1 А2 А1 а2 а1 А2 а1 а2 А1 А2 А1 а2 а1 А2 а1 а2

                                        110

⇐ МАЗМҰНЫ
   105   106   107   108   109   110   111   112   113   114   115