Page 113 - index
P. 113

былыс генотипте болатын доминантты гендердің санына байланыс-
ты екенін көрсетеді. Ал рецессивті гомозиготалы болса (а1 а1 а2 а2)
дәндердің түсі ақ болады.

    А. Мынадай генотиптері бар өсімдіктер қандай типті гаметалар
түзе алады: А1 А1 А2 А2; ә) А1 а1 А2 а2; б)А1 а1 А2 А2; в) а1 а1 А2 А2; г) а1
а1 а2 а2?

    Ә. Мынадай будандастыруда алынатын ұрпақтар дәндерінің түс-
терін анықтаңдар: а) А1 а1 А2 а2 х а1 а1 А2 А2 ; ; ә) А1 а1 А2 а2 х а1 А1 а2 а2.

    б) А1 а1 а2 а2 х а1 а1 А2 А2; в) А1 а1 а2 а2 х А1 а1 А2 А2 .
    6-есеп. Бидай өсімдігі жаздық және күздік болып бөлінеді. Жаз-
дық белгісін А доминантты екі полимерлі гендер бақыласа, ал күздік
белгісін сол гендердің рецессивті аллелдері анықтайды. Мынадай
будандастырудың нәтижесінде алынатын будан өсімдіктердің гено-
типтері мен фенотиптерін анықтаңдар:
    а) А1 А1 А2 А2 х а1 а1 а2 а2; ә) А1 А1 а2 а2 х а1 а1 а2 а2;м
    б) А1 а1 а2 а2 х а1 а1 а2 А2; в) А1 а1 А2 а2 х А1 а1 А2 а2.
    7-есеп. Кейбір үй қоянының тұқымының құлағының ұзындығы
30 см, ал басқа тұқымыныкі 10 см. Құлақтарының ұзындығының
айырмашылығы бірдей әсер ететін екі жұп генге байланысты:
    L1 L1 L2 L2 – құлағы ұзын, І1І1І2І2 – құлағы қалыпты. Ғ1 ұрпақтың
қояндарының ұзындығы қандай және Ғ2 ұрпақтағы даралардың ге-
нотиптерін анықтаңдар.
    8-есеп. Адамда бойдың биіктігі бір-бірімен тіркеспейтін 3 жұп
генмен анықталады. Бойдың биіктігі сол гендердің өзара полимер-
лік әрекеттесуіне байланысты болады. Кейбір аласа адамдардың
популяциясында тек рецессивті гендердің болуына байланысты бо-
йының биіктігі 150 см, ал ең биік адамдардың бойы 170 см, өйткені
оларда тек доминантты гендер болады.
    9-есеп. Сорго өсімдігінің биіктігі рецессивті гомозиготалы 4 жұп
геннің (карлик) аллельдерімен анықталса, 40 см-ге тең, ал биіктігі
доминантты гомозиготалы 4 жұп геннің аллелдерімен анықталса,
онда 240 см-ге тең. Сабақтарының биіктігінің айырмасы осы төрт
геннің әрекетімен бақыланып, кумулятивті қасиет көрсетеді.
    А. Генотипі А1 А1 А2 А2 А3 А3 а4 а4 өсімдік, а1 а1 а2 а2 а3 а3 А4
А4 өсімдікпен будандастырылса, ата-ана өсімдіктерінің сабағының
биіктігі қандай болады? Ғ1 ұрпақ өсімдіктерінің биіктігі қандай? Ғ2
кезіндегі өсімдіктердің сабағының биіктігінің күтілу өзгергіштігін
және биіктігі бойынша әр кластағы өсімдіктердің күтілу жиілігін
анықтаңдар.

           113

⇐ МАЗМҰНЫ
   108   109   110   111   112   113   114   115   116   117   118