Page 112 - index
P. 112

Бақылау сұрақтары мен есептер
    1. Полимерия деген не? Қандай белгілерді полигенді белгілер
дейді?
    2. Кумулятивті полимерия деген не?
    3. Гендердің өзара әсерінің қандай типтері Мендельдің заңына
сәйкес келмейді.
    4. Трансгрессия деген не?
    5. Сыртқы орта гендердің қөрінуіне әсер ете ме?

    Есептер
    1-есеп. Адам терісінің түсі жинақталу (кумуляция) полимерия
типті бірнеше жұп гендердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде
анықталады. Генотипте доминантты ген көп болса, адам терісінің
түсі қара болады. Негр мен ақшыл адамнан туған баланы мулат деп
атайды.
    А. Егер негр қыз (А1 А1 А2 А2) ақшыл жігітке (а1 а1 а2 а2) тұрмыс-
қа шықса, олардың болашақ ұрпақтарының қаншасы негр, мулат
және ақ түсті болады?
    Ә. Егер екі мулат (А1 а1 А2 а2) үйленсе, олардың балаларының
ішінде негр, ақ түсті, мулат балалар бола ма?
    2-есеп. Қойлардың кейбір тұқымы жүнінің ұзындығы орта есеп-
пен 40 см, ал кейбіреулерінде 10 см болады. Қойлардың жүндерінің
айырмашылығы бірдей әсер ететін 3 жұп генге байланысты. Ғ1 -де
және Ғ2 -де ұрпақ қандай болады?
    3-есеп. Жасыл түсті жүгеріні бір-бірімен будандастырғанда 15/16
өсімдік жасыл, 1/16 өсімдік ақ болған. Аталық және аналық өсім-
діктердің генотипін анықтап, алынған нәтижелерді түсіндіріңдер.
    4-есеп. Әйелдердің сүт бездерінен сүттің бөлінуін полимерлік
гендер анықтайды. Анардың сүті өз баласына жеткілікті, оның ге-
нотипі L1 L1 L2 L2. Әселдің сүті мүлдем жоқ. Анардың сүті мол бол-
ғандықтан, өз баласын және қосымша Әселдің баласын емізеді. Анар
мен Әселдің генотипін анықтаңдар.
    5-есеп. Швед генетигі Г. Нильсон-Эле 1908 жылы қызыл түсті
тұқымды бидай өсімдігін, ақ түсті бидай өсімдігімен будандасты-
рып, тұқымы қызыл түсті бидай өсімдігін алды. Осы алынған бидай
өсімдігін кейбір сорт тармақтарымен (линия) будандастырғанда Ғ2-
де ажырау 15/16 түсті; 1/16 ақ түсті қатынасында болып шыққан.
Дәндердің түсі қан қызылдан ақшыл қызылға дейін болған. Бұл құ-

           112

⇐ МАЗМҰНЫ
   107   108   109   110   111   112   113   114   115   116   117