Page 138 - index
P. 138

Жыныстық хромосомаларда орналасқан гендер анықтайтын
белгілердің тұқым қуалауы, Мендель анықтаған белгілердің ажы-
рауынан өзгеше болады. Х және Y хромосомалардың гомологты
емес бөліктері бар, сондықтан да Х хромосомадағы гендердің ал-
лельдері Y хромосомада болмайды. Керісінше, Y хромосомада бар
гендердің аллельдері Х хромосомада жоқ. Гендердің мұндай күйін
гемизиготалы деп, ал мұндай генотипі бар организмді гемизигота
деп атайды.

    Егер ген Х хромосомада орналасқан болса, онда ген әкесінен
қыздарына, шешесінен ұлдарына белгілер теңдей беріледі. Белгі-
лердің шешесінен ұлдарына, ал әкесінен қыздарына берілуі Крисс-
кросс тұқым қуалау деп аталады.

    Белгілерді бақылайтын гендер Y хромосомада орналасса, онда
Х хромосомада оған сәйкес бөлік болмағандықтан, әкеден тек ұлда-
рына беріледі. Себебі, қыздарына Y хромосома берілмейді. Мысал
ретінде адамда аяқ саусақтарының арасында жарғақтың болуы, құ-
лақтың ішінде шоқ жүннің болуы – тек әкеден ұлдарына берілетін
белгілер. Құстарда, кейбір балықтардың түрлерінде және көбелектер-
де көптеген белгілер жыныспен тіркесіп берілетіні анықталған. Бұл
жағдайда белгілерді анықтайтын гендер Х хромосомада орналасқан.
Бірақ аналық гетерогаметалы да, аталық гомогаметалы болады.

    Дрозофила шыбынының аналығы – гомогаметалы. Олар бірдей
жынысты Х хромосомадан тұрады. Ал еркек шыбындар – гетеро-
зиготалы. Олар бір-бірінен жақсы ажыратылатын жынысты хро-
мосомалардан тұрады. Олардың біреуі (х-хромосомасы) аналық шы-
бынның х-хромосомасына ұқсас, екінші у-хромосома, кейде → деп
белгілейді. Шыбында жынысты анықтауда Y-хромосома доминант-
ты.

    Дрозофила шыбынында жынысты анықтау:

  ♀Х Х                    ♂Х Y
жұмыртқа        х сперматозоидтар

гаметалар х х   хy

    зиготалар   ♂♂ Х Y
    ♀♀ Х Х
үлгіде жүреді.

                138

⇐ МАЗМҰНЫ
   133   134   135   136   137   138   139   140   141   142   143