Page 154 - index
P. 154

1% кроссинговерге тең гендер арақашықтығы морганида деп
аталады.

    Сонымен, қоян жүнінің түсін және ұзындығын анықтайтын ген-
дер бір хромосомада шоғырланған және олар тіркесіп тұқым қуа-
лайды. Гендердің арақашықтығы шамамен, 12 морганидаға тең.

    Енді біз гендердің хромосомада орналасу тәртібін анықтау тәсі-
лін қарастырайық.

    Жалпы гендердің хромосомадағы орнын белгілеу генетикалық
карта деп аталады.

    Морганның шәкірттерінің бірі Альфред Стертевант өзінің дип-
ломдық жұмысын орындау кезінде, кроссинговер жиілігі гендердің
хромосома бойында тізбектеле орналасатындығын дәлелдейді деп
бірінші ой айтқан болатын.

    Мысалы, А және В гендерінің арақашықтығы 10 морганидаға, ал
В және С гендерінің арақашықтығы 17 морганидаға тең болса, онда
А және С гендерінің арақашықтығы АВ және ВС қашықтығының
қосындысына (АС = АВ + ВС = 10 + 17 = 27 морганида) немесе
олардың айырмасына (АС = АВ – ВС=7 морганида) тең болады.
Мұның өзі, егер А,В және С гендері хромосомада тізбектеліп ор-
наласқан жағдайда ғана мүмкін.

    Әдетте, гендердің арақашықтығын анықтау үшін бір мезгілде,
ең аз дегенде үш гендер арасындағы кроссинговер жиілігін есептеу
керек. Гендердің хромосомадағы арақашықтығын осындай жолмен
анықтау триангуляция әдісі деп аталады.

    Әдістің пайдалану жолын жеке мысалда қарастырайық.
    Мысалы, төрт ген арасындағы кроссинговер жиілігі белгілі: Д-А
= 27 %, В-Д = 17%, В-С= 10% және С-Д=7%.
    Гендердің арақашықтығын және орналасу тәртібін анықтау үшін
ең алдымен хромосоманы кескіндейтін түзу сызық сызып, оның ор-
тасына кроссинговер жиілігі ең аз гендерді түсіреді, яғни С-Д=7%.

    ________С____Д________
                 ←7→

    Онан соң, мәні бойынша келесі гендер арасындағы кроссинговер
жиілігін таңдайды, яғни В-С = 10%. Мұнда В генінің, С генінің не оң,
не сол жағында орналасу мүмкіндігін белгілейді:

________В_____С______Д______В?__________
            ← 10→ │←7→│

         ____17____________

           154

⇐ МАЗМҰНЫ
   149   150   151   152   153   154   155   156   157   158   159