Page 150 - index
P. 150

сондай-ақ денесінің түсі мен қанаттары пішіндерінің тіркесіп тұ-
қым қуалайтындығына көз жеткізіңдер.

    Үшінші топ студенттері дрозофила денесінің түсі мен қанаттары
пішіндерінің тұқым қуалауын талдайды. Ол үшін барлық студент-
тер алған мәліметтердің жиынтығы бойынша белгілері ата-аналық
формаларға ұқсас шыбындар (денесі сұр, қалыпты қанатты және
денесі қара, қысқа қанатты) мен рекомбинанттардың (сұр денесі,
қысқа қанатты және қара денелі, қалыпты қанатты) санын анықтау
қажет. Белгілері ата-аналық формаларға ұқсас шыбындардың реком-
бинанттарға қарағанда басым болатындығына назар аударыңдар.
Белгілер ажырауының болады деп күтілетін 1:1:1:1 арақатынасына
сәйкес мәліметтерге Х2 әдісімен статистикалық есептеулер жүргізіп,
нәтижелерін 12-кестеге жазыңдар. Белгілері ата-аналық формаларға
ұқсас шыбындардың рекомбинанттардан басым болатындығын дә-
лелдеп, яғни дрозофила шыбыны денесінің түсі мен қанаттарының
пішіндері тіркесіп тұқым қуалайтындығын көрсетіңіздер.

    Бірінші, екінші топ студенттерінің алған мәліметтерімен таны-
сып, нәтижелерін кестеге жазыңыздар және көзінің түсі мен денесі-
нің түстері, сондай-ақ көздің түсі мен қанаттары пішіндерінің тір-
кесіп тұқым қуалайтындығына көз жеткізіңдер.

    Будандастырудың жалпы сызбанұсқасын құрастыру
    Үш жұп белгілердің тіркесіп тұқым қуалайтындығын дәлелде-
ген соң 22-суретке сәйкес будандастыру сызбанұсқасын құрастыру
қажет. cn, b, v гендері бір хромосомада орналасатындығын ескере
отырып, бастапқы линиялар мен Ғ1 будан ұрпақтың генотиптерін
жазу керек. Ғ1 будан аналықтың гаметаларын комплементарлы жұп
кластарға жүйелеп жазу:
    1. Кроссоверлі емес;
    2. cn, b, және b гендерінің арасындағы айқасуға байланысты
кроссоверлі;
    3. в және vg гендерінің арасындағы айқасу нәтижесінде түзіл-
ген кроссоверлі;
    4. cn және в, в және vg гендерінің арасындағы кроссинговер
нәтижесінде түзілетін кроссоверлі гаметалар. Кластар жұбына нө-
мерлерін қою, уақытты үнемдеу мақсатымен Ғ2 ұрпақ шыбындары-
ның генотипі мен фенотиптерін жазбай-ақ қоюға болады. Аналықтың
гаметалары Ғқ ұрпақ шыбындарының фенотиптік радикалы болып
табылады.

           150

⇐ МАЗМҰНЫ
   145   146   147   148   149   150   151   152   153   154   155