Page 159 - index
P. 159

14-жұмыс

    Тақырыбы: Адам генетикасының зерттеу әдістері.
    Мақсаты: Студенттерді адам генетикасының зерттеу әдістері-
мен таныстыру және оларды пайдалану жолдарын белгілеу.
    Құрал-жабдықтар: Зерттеу әдістеріне арналған кестелердің түр-
лері.
    Тапсырмалар: 1. Адам шежіресін құрастыруда қолданатын сим-
волдармен таныстыру.
    2. Шежіре және оны құрастыру.
    3. Шежірені талдау.
    4. Егіздік әдісі.
    5. Генотипоскопиялық (ДНҚ-лық талдау) әдістің кезеңдері.
    Тұқымқуалаушылықтың заңдылықтары барлық тірі организм-
дерде, оның ішінде адам үшін де бірдей. Адамның көптеген бел-
гілерінің тұқым қуалауы Мендель заңдарына сәйкес беріледі. Адамда
белгілердің тұқым қуалауын зерттеу күрделі. Өйткені адамның ге-
нетикасын зерттеуде генетикалық анализ жасау үшін адамдарды
еркін шағылыстыруға болмайтындығы; мутацияларды тәжірибе ар-
қылы алудың мүмкін еместігі; жынысының кеш пісіп жетілуі; ұр-
пағының аз болуы; әртүрлі некеден пайда болған ұрпақтардың бір-
дей жағдайда болмауы; шежіредегі адамның сан жағынан аз болуы
және тұқым қуалайтын белгілердің толық анық болмауы; хромосо-
ма санының көп болуы елеулі қиындықтар тудырады. Көрсетілген
қиындықтарға қарамастан адам генетикасын зерттеу жұмыстары
шежірелік (генеалогиялық), егіздік, цитогенетикалық, биохимиялық,
популяциялық және молекулярлық-генетикалық, генотипоскопиялық
әдістерді қолдану барысында үлкен табыстарға жетті.

                                   Шежіре әдісі
    Генеалогия шежіре деген мағынаны білдіреді. Бұл әдісті адам
генетикасының теориялық және практикалық мәселелерін шешу
үшін:
    1. Белгілердің тұқым қуалау ерекшелігін анықтауда;
    2. Тұқым қуалаудың типін анықтауда;
    3. Гендердің тіркесу тобын және хромосомалардағы гендердің
орнын (локусын) анықтауда;
    4. Гендердің өзара әсерінің механизмін анықтауда;
    5. Медициналық-генетикалық консультацияларда қолданады.

           159

⇐ МАЗМҰНЫ
   154   155   156   157   158   159   160   161   162   163   164