Page 152 - index
P. 152

2. Дигетерозиготаларды (АаВв) рецессивті особьтармен (аавв)
шағылыстырғанда алынған төрт түрлі фенотиптер бірдей арақаты-
наспен (25) тең % ажырады. Гендердің тұқым қуалау типін анық-
таңыз.

    3. Сұр денелі, ұзын қанатты дрозофиланы қара шала қанатты
дрозофиламен шағылыстырғанда Ғ1-дің барлығы сұр денелі,
ұзын қанатты болып шықты. Ғ1-дегі аналық шыбынды қара шала
қанатты дрозофиламен талдаушы шағылыстырғанда: 110 сұр ұзын;
21 сұр шала; 23 қара ұзын және 106 қара шала қанатты нәтиже
алынды. Барлық особьтардың генотипін және белгілердің тұқым
қуалау типін анықтаңыз. Дрозофиланың дене түсі мен қанатының
формасы тіркесіп тұқым қуалайтын болса, онда олардың арасындағы
кроссинговер жиілігін табыңыз.

    4. Шағылыстыру нәтижесінде төрт геннің арасындағы кроссин-
говер жиілігі белгілі:

    Р – Q = 24% ; R – P = 14% ; R – S = 8% ; S – P = 6 %.
    Триангуляция әдісі пайдаланып, гендер арақашықтығын есептен
шығарыңыздар.
    5. Гендер арасындағы кроссинговер жиілігі: В-А = 28%,
    В-С= 8 %, Д-А= 6 %, С-Д= 148 %, С-А = 20 %.
    Гендердің хромосомадағы орналасу тәртібін көрсетіңіз.
    Үлгі есеп: Қояндарды ағылшын типті түс (ақ теңбіл) (А) бі-
рыңғай түстен (а), қысқа жүнділік (В) ұзыннан (в) доминантты,
дигетерозиготалы теңбіл (Аа) қысқа жүнді (Вв) қоянды бірыңғай
түсті ұзын жүнді қоянмен талдаушы шағылыстыру нәтижесінде: 72
теңбіл қысқа жүнді, 10 теңбіл ұзын жүнді, 69 бірыңғай ұзын жүнді
және 9 бірыңғай қысқа жүнді көжектер арақатынасы алынды.
    Біріншіден, белгілердің тұқым қуалау типін анықтау керек.
    Екіншіден, егер белгілердің тіркесін тұқым қуаласа, онда олар-
дың арақашықтығын табу қажет.
    Есептің шешілуін талдау. Алдымен гендердің белгілерін анық-
тау жолын кесте құрып толтырыңыз.

                                    Ген Фенотип

                                    А Теңбіл

                                    а Бірыңғай

                                    В Қысқа

                                    в Ұзын

Талдаушы шағылыстыруға алынған ата-аналар генотипін жазамыз:
                              Р ♀ АаВв х ♂ аавв.

           152

⇐ МАЗМҰНЫ
   147   148   149   150   151   152   153   154   155   156   157