Page 149 - index
P. 149

А10%В      C3% A10%B
3%С7%          13%

    Егер В және С гендерінде кроссинговердің жиілігі 7% болса,
онда хромосомадағы гендердің орналасу қатары 1-үлгідегідей, ал В
және С гендерінің айқасу мөлшері 13% болса, онда гендердің хро-
мосомада орналасуы 2-үлгідегідей болады.

    Тапсырмаларды орындау:
    Студенттердің бірінші тобы мынадай екі жұп белгілердің: көз-
дің түсі мен дене түсінің тұқым қуалауын талдайды. Ол үшін (топ-
тағы студенттердің мәліметтері бойынша) белгілері ата-аналық фор-
маларға ұқсас шыбындар (қызыл көзді және сұр денелі, қара денелі
және ашық қызыл көзді) мен рекомбинаттарды (қызыл көзді және
қара денелі, ашық қызыл көзді және сұр денелі) будандастырады.
Белгілері ата-аналық формаларға ұқсас шыбындардың басым бола-
тындығына көңіл аударуы керек.
    Қорытындыларды кестеге жазып қойыңыздар, Х2 әдісімен ста-
тистикалық есептеулер жүргізіңдер. Нәтижесінде күткендегідей
1:1:1:1 арақатынас шығуға тиіс. Содан кейін белгілері ата-аналық
формаларға ұқсас шыбындардың рекомбинаттардан басым бола-
тындығын дәлелдеп, дрозофиланың көзі мен денесі түстерінің тір-
кесіп тұқым қуалайтындығын анықтау керек.
    Екінші және үшінші топ студенттері алған қорытындыларды
кестеге жазып, көзінің түсі мен қанаттарының пішіні, сондай-ақ
денесінің түсі мен қанаттарының пішіні тіркесіп тұқым қуалай-
тындығына көз жеткізіңдер.
    Екінші топ студенттері көздің түсі мен қанаттарының пішін-
дерінің тұқым қуалауын талдайды. Ол үшін топтағы әр студентке
берілген белгілері ата-аналық формаларға ұқсас шыбындар (қызыл
көзді, қалыпты қанатты және ашық қызыл көзді қысқа қанатты)
мен рекомбинаттарды (қызыл көзді, қысқа қанатты және ашық
қызыл көзді, қалыпты қанатты) санау қажет. Белгілері ата-аналық
формаларға ұқсас шыбындардың басым болатындығына көңіл
аударып, нәтижелерін кестеге толтыру керек. Мәліметтерге Х2
әдісімен статистикалық есептеулер жүргізіп, белгілері ата-ана-
лық формаларға ұқсас шыбындардың рекомбинаттардан басым
болатындығын дәлелдеңіздер, яғни көздің түсі мен қанаттарының
формасының тіркесіп тұқым қуалайтындығын анықтаңыздар.
    Содан соң бірінші және үшінші топ студенттерінің алған мә-
ліметтерін кестеге жазып, дрозофиланың көзі мен денесі түстерінің,

           149

⇐ МАЗМҰНЫ
   144   145   146   147   148   149   150   151   152   153   154