Page 151 - index
P. 151

СN, B және VG гендерінің арасындағы кроссинговер жиілігін
есептеу

    Алдымен будандастыру сызбасына 14-кестедегі әрбір класс
шыбындарының санын жазу, содан кейін кластардың әрбір ком-
плементарлы жұбындағы шыбындардың жалпы санын есептеп,
олардың жиілігін пайызбен көрсету. Ол үшін гендер бойынша крос-
соверлі шыбындардың жиілігін қосып кластардың екінші және
төртінші жұбы. cn – vg гендерінің арасындағы кроссинговер пайы-
зын есептеп және осы гендер бойынша кроссоверлі шыбындардың
мөлшерін, яғни кластардың үшінші және төртінші жұптарын қосу
қажет.

    СN – VG және B гендері үшін генетикалық карта құрастыру
    Араларындағы кроссинговер мүшелері ең үлкен болатын ген-
дерді табыңыздар (в және vg гендері), бұл картаға шеткі гендер в
және vg гендерінің ортасына осы гендерден шамамен бірдей қашық-
тықта болатын cn генін орналастыру керек.

_____________________________________

в cn       vg

    Картадағы в – cn және cn – vg гендерінің арақашықтығының
қосындысын есептеу. Оның в – vg гендерінің арақашықтығынан
артық екеніне көз жеткізу.

    в–vg гендерінің арақашықтығына қосарланған кроссинговердің
екі еселенген коэффиценттерін қосу. Содан соң екі шеткі геннің
арақашықтығы

    в–cn және cn–vg гендерінің арақашықтықтары қосындысына тең
болатындығына көз жеткізу.

    Есептеуден алынған в – cn – vg геннің арақашықтығын осы
гендердің генетикалық картадағы локустарымен салыстыру (21-су-
ретте бұл гендердің локустары в – 48,5; cn – 57,5; vg – 67). Гендер-
дің орналасу ретінің дұрыс қойылғандығына және олардың арасын-
дағы қашықтыққа жақын екендігіне көз жеткізу.

                     Бақылау сұрақтары мен есептері
    1. -АаВв дигетерозиготалы особьтан талдаушы будандасты-
руда: АВ-243; Ав-762; аВ-758; ав-237 бас арақатынас алынды. Ген-
дердің тұқым қуалау типі қандай? Егер олар тіркескен болса, онда
олардың арақашықтығын табыңыз.

               151

⇐ МАЗМҰНЫ
   146   147   148   149   150   151   152   153   154   155   156