Page 160 - index
P. 160

Бұл әдіс бойынша бір отбасындағы туыстық қатынастарды,
туыстар арасындағы ерекше белгілердің, аурулардың бірнеше ұрпақ
бойы тұқым қуалау сипатын, оның шыққан тегіне шежіре құрасты-
ру арқылы зерттеп анықтайды. Шежіре әдісінің негізгі мақсаты –
жиналған деректер бойынша шежіре үлгісін құрастыру және оны
талдау.

                               Шежіре құрастыру
    Шежіре құрастыруды бастайтын адамды пробанд деп атайды.
Оның іні-қарындастарын сибстер деп белгілейді. Олар бір әке-
шешеден болуы қажет. Егер пробандының іні-қарындасы ата-ана-
сының біреуі басқа некеден болған жағдайда оларды жартылай
сибстер деп атайды (25-суретте көрсетілген).

           25-сурет

    Шежіре негізінен бір немесе бірнеше белгілердің тұқым  қуала-
уы бойынша жинақталады. Егер шежіреде көрсетілген мәліметтер
неғұрлым көп ұрпақ бойы толық терең зерттелінсе, соғұрлым шын-
дыққа жақын болады. Генетикалық мәліметтерді жинау анкета жүр-
гізуден, сұрақ-жауап алудан және отбасын жеке зерттеуден баста-
лады. Сұрақ-жауап пробандының нағашы жұртынан, ата-әже, олар-

           160

⇐ МАЗМҰНЫ
   155   156   157   158   159   160   161   162   163   164   165