Page 161 - index
P. 161

дың әрбір балалары және немелерінен басталады. Шежіреге түсік
тастау, өлі туу, қолдан алдыру және ұрпақсыз некелер туралы мәлі-
меттерді енгізеді. Осымен қатар, пробандыға туыстық қатынасы
бар адамдарға қысқаша ақпарат жинақтайды. Онда: аты, әкесінің
аты, туылған күні мен жылы, өлген күні мен жылы, жасы, ұлты,
отбасының тұрған жері, мамандығы, отбасында созылмалы аурудың
болуы, қайтыс болудың себептері туралы мағлұматтар болуы қажет.
Барлық қажетті мәліметтер жинақталғаннан кейін шежіре құрас-
тырады. Шежіре құрастыру белгілі тәртіппен жүргізіледі.

    1. Шежіре құрастыру пробандыдан басталады. Пробандының
інісі-қарындасы туылу ретіне қарай солдан оңға қарай орналасты-
рылады.

    2. Шежіреге қатысы бар бір ұрпақтың мүшелері бір қатарға қо-
йылады.

    3. Шежіреде көрсетілетін ұрпақтарды жоғарыдан төмен қарай
рим цифрімен белгілейді.

    4. Бір ұрпақтың әулеттерін солдан оңға қарай (бір қатар) араб
цифрімен белгілейді.

    5. Шежіреде жеке зерттелінген ұрпақтың мүшелері де көрсетіле-
ді.

    Шежіренің графикалық көрінісі горизантальды тік немесе дөң-
гелек болуы мүмкін. Олар түсінік сөздермен анықталуы тиіс. Шежі-
ренің үлгілері (26-суретте көрсетілген).

                                Шежірені талдау

                      

           26-сурет
              161

⇐ МАЗМҰНЫ
   156   157   158   159   160   161   162   163   164   165   166