Page 165 - index
P. 165

(гемизигота) болғандықтан, ауру гендер тек қыздарына беріледі,
ұлдарына берілмейді. Х хромосомада орналасқан гендер мейлі до-
минантты болсын, мейлі рецессивті болсын міндетті түрде ұрпақта
көрінеді. Х-хромосомамен тіркескен рецессивті ауру гендердің тұ-
қым қуалауының ерекшелігі бар. Олар:

    Ер жынысты адамдарда ауру жиі кездеседі.
    Сау ата-анасынан ауру бала тууы (егер ауру ген анасы бойынша
берілсе) мүмкін.
    Ауру ерлер өз ауруын ұлдарына бере алмайды, ал оның қызда-
рының генотипі гетерозигота болғандықтан ауруды тасымалдаушы
болып есептелінеді.
    Егер отбасында әкесі ауру, ал шешесі ауру ген бойынша гете-
розигота болған жағдайда ауру қыз дүниеге келеді.

                                                                 

30-сурет. Гемофилия және дальтонизм ауруының тұқым қуалауы

    Мысал келтірейік. Х-хромосомада рецессивті ген орналасқан
дейік. Егер дені сау әйел ауру ерге тұрмысқа шықса, олардың
отбасындағы барлық балалары сау болып туады, бірақ қыздары
әкесінен ауру гені бар Х-хромосома алғандықтан, генотипі гете-
розигота болғандықтан, тасымалдаушы болып есептелінеді. Егер
дені сау еркек ауру генді тасымалдаушы сау әйелге үйленсе, онда
ауру ұл бала тууының ықтималдығы барлық ұлдардың 50 пайызын,
ал барлық балалардың 25 пайызын құрайды. Ауру қыз тууының
ықтималдығы өте төмен. Егер ауру еркек, гетерозиготалы ауру гені
бар әйелге үйленген кезде ғана кездесуі мүмкін. Мұндай отбасын-
да ұлдардың екіден бірі ауру, қыздарының жартысы ауру, қалған
жартысы ауруды тасымалдаушы болады. Жыныспен тіркескен ре-
цессивті аурулардың тұқым қуалауына мысал ретінде – гемофилия
(қан ұйымау), дальтонизм ауруын келтіруге болады. (30-сурет).

    Қанның ұйымауы қанның құрамындағы қанды ұйытатын фак-
тордың төмен болуына байланысты. Шежірені талдау барысында
бұл аурумен тек ұлдар ауыратынын көруге болады. Бұл құбылыс

           165

⇐ МАЗМҰНЫ
   160   161   162   163   164   165   166   167   168   169   170