Page 183 - index
P. 183

факторларының және тұқымқуалаушылықтың әсері туралы қоры-
тынды жасаңдар. Ол үшін тұқым қуалау коэффициентін (Н) және
ортаның әсерін (Е) ескеріп, Хольцингер формуласын пайдаланыңыз.

БЖ және ЕЖ егіздерде қалыпты белгілердің ұқсастығы, %

               Аурулар            БЖ    ЕЖ
Қан топтары АВО                   100   46
Терінің түсі                      100   45
Көздің түсі                       99,5  28
Шаштың түсі                        97   23
Шаштың пішіні                     100   79
Мұрынның пішіні                    98   20
Көкірек клеткасының пішіні         96   60
Баланың алғашқы жүрген жасы        67   30
Саусақ терісінің иірімдері.        92   40

    1. Мына төменде келтірілген мағлұматтарға сүйеніп, Абай ше-
жіресін құрастырыңдар. Шежірені құрастыруда ұрпақтарды орна-
ластыру ретіне көңіл аударған дұрыс. Шежірені Абайдың өзінен
бастаған жөн.

    Абай шежіресі
    Ұлы Абайдың түп-тегі Тобықтыдан Мәмбетай, Күшік деген
ұрпақтар өрбиді. Күшіктің бәйбішесінен екі бала туады. Олар –
Сәнкімұрын және Бейімбет. Тоқалынан Әнет және Әйтек дүниеге
келеді. Әйтектің бәйбішесінен Олжай туады. Олжайдың Айдос,
Қайдос, Жігітек деген ұлдары болады. Айдостан Ырғызбай, Торғай,
Топай, Көтібақ деген балалар тарайды. Осы төртеуінің ішіндегі
үлкені – Ырғызбай. Тобықты руының бір кездегі белгілі биі болған
Кеңгірбай қартайған шағында өздерінің туыстарының арасында 16
жастағы Ырғызбайға айрықша назар аударады. Ырғызбай басқалар-
ға қарағанда әділеттілігімен көрініп, ел арасына тараған жемқор-
лық сияқты жаман қылықтардан бойын аулақ ұстаған. Ырғызбайдан
Өскенбай, Мырзатай, Өсер, Жортар деген төрт ұл туады.
    Өскенбай 1778 жылы туып, 1850 жылы дүниеден қайтқан. Өс-
кенбайдың бес әйелі болған, ең үлкен бәйбішесі – Зере. Зере әжесі
ретінде Абайға жас кезінен бастап адамгершілік сананы орнатуына
себебші болған. Зереден Өскенбайдың Құттымұханбет, Құнанбай,
Тайбала деген балалар өрбиді. Құттымұханбет жас кезінде қайтыс

                             183

⇐ МАЗМҰНЫ
   178   179   180   181   182   183   184   185   186   187   188