Page 181 - index
P. 181

3. Генотипті анықтағанда бір ұрпақтағы балаларда белгілердің
барын және жоғын есептеу қажет. Мысал ретінде, мына суреттегі
шежірені қарастырайық.

    Ауру белгі әр ұрпақ бойында кездеседі. Ата-анасының біреуі
брахидактилиямен ауырса, ауру бала дүниеге келеді. Бұл белгінің до-
минантты типті тұқым қуалауын көрсетеді. Ата-анасы сау некеден
ауру бала тумайды. Бұл да доминантты тұқым қуалау типі екенін
көрсетеді. Брахидактилия ауруы еркектерде де, әйелдерде де бірдей
кездеседі. Ген аутасомда орналасқан.

    Отбасының және олардың мүшелерінің генотипін анықтау үшін
брахидактилия генін – А деп белгілейміз. Қалыпты саусақты – а
әрпімен белгілейміз. Бірінші ұрпақта ауру және сау баланың саны
1:1 қатынасындай болғандықтан, анализдеуші шағылыстырудың нә-
тижесін береді. Белгілердің ажырауы бұл некедегілердің әжесінің
генотипі гетерозигота (Аа), атасының атасы гомозигота (аа) екенін
білдіреді. Белгілердің осындай қатынаста ажырауын екінші ұрпақ-
та да байқаймыз. Бұл брахидактилиямен ауыратын адамдардың
барлығының генотиптері Аа, сауларынікі – аа көрсетеді. Бұл құбы-
лыс кейінгі ұрпақтарында осындай болады.

    Жауабы: Адамда брахидактилия ауруы аутосомды-доминантты
типті тұқым қуалайды. Аурумен ауыратын отбасының мүшелері ге-
терозигота, сауларының генотипі гомозигота.

    Есептер
    1-есеп. Адамда бұйра шашты белгі доминантты түрде тұқым
қуалайды. Отбасында үш бала бар. Ақмаралдың шашы тік, ал екі
ұлдың Мұраттың шашы тік, Мараттікі – бұйра. Балалардың, әке-
сінің шашы тік, шешесінің және нағашы атасының шашы бұйра.
Осы отбасының шежіресін құрастырып, отбасының мүшелерінің
генотипін анықтаңдар.

           181

⇐ МАЗМҰНЫ
   176   177   178   179   180   181   182   183   184   185   186