Page 184 - index
P. 184

болса, Тайбала қыз бала. Өскенбайдың екінші әйелінен – Жақып,
үшінші әйелінен – Майбасар, одан кейінгі әйелінен – Таңшолпан
екен. Соңғы әйелі Күншеден – Сұлтанбек, Бейсенбай, Кенжебай
тарайды.

    Құнанбай өзі төрт әйел алған. Ең үлкен бәйбішесі – Күнке. Күн-
кеден Құдайберді атақты Шәкәрімнің әкесі. Екінші әйелі – Ұлжан.
Ұлжаннан – Тәңірберді, Ибрагим – Абай, Ысқақ, Оспан атты ұл-
дар туады. Үшінші әйелі – Айғыз. Одан Халиолла, Смағұл деген
балалары болған. Төртінші, соңғы әйелі – Нұрғаным. Нұрғанымнан
ұрпақ болмаған.

    Құдайбердіден Шәке, Шәкәрім, Мұртаза, Әмір, Ырзықбай деген
балалар туады. Шәкеден Дедери, Әлеш, Қибаш деген балалар тарай-
ды. Қибаштан ұрпақ жоқ. Дедериден – Бақдәулет, Лот деген екі бала
болған. Ал, Зәлештен Қиният, Ғайса дегендер туады. Шәкәрімнің
өзінен: Суфиян, Қапар, Қабыш, Ахат, Зият деген балалар дүниеге
келді. Сүфияннан – Талғат, Талғаттан – Берік. Қапардан – Баязит, одан
ұрпақ жоқ. Қабыштан да ұрпақ жоқ. Ахаттан – Фзули, Дәулет деген
балалар болған. Зияттан – Мереке, Мұртазадан Шерияздан, одан
Әсләм, Әсләмнан ұрпақ жоқ. Әмірден де ұрпақ жоқ. Ырзықбайдан
– Медеухан, Төлеухан. Төлеуханнан ұрпақ жоқ та, Медеуханнан –
Қамыран, Әлекс деген балалар туады.

    Абайдың бірге туған ағасы Тәңірберді. Оның жалғыз ұлы –
Әзімбай. Әзімбайдан: Шәкеш, Шалабай, Аңсари, Бердеш, Зұлғарыш,
Басари, Зұлпадан, Мәнекеш, Мәжит деген 9 бала туады. Олардың
ішінде Мәжиттен Аңсардан, Шалабайдан ұрпақ болмаған. Шәпет-
тен – Фатих, Зұлғарыштан – Мәмбет, Төлеуқазы. Зұлпаданнан –
Мұрат, Мұраттан – Әлім деген ұрпақтар өрбіген.

    Ысқақтан Кәкітай туады. Ол көзі ашық, оқыған азамат болады.
Абайдың атының шығуына үлкен себепкер болған. Абайдың өлең-
дерін жинап, алғашқы өмірбаянының нұсқасын жазып, 1909 жылы
Петербург қаласында Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағын шығарт-
тырған. Кәкітайдан Әрхан деген бала болған. Ол 1886 жылы туған.
Абайға арнап «Зағипа» деген дастан жазған.

    Абайдың үшінші шешесі Айғыздан туған бауыры Халиолла 1849
жылы туып, 1870 өлген. Халиолла Өскенбаев кезінде 1867 жылы
атақты Шоқан Уәлиханов бітірген Омбы кадет гимназиясын бітір-
ген азамат. Орыс армиясының офицері болған.

    Абайдың бәйбішесі – Ділдә Тобықтыға белгілі болған әйгілі би
Алшынбайдың немересі. Ол кісіні 1924 жылы дүниеден қайтқан

           184

⇐ МАЗМҰНЫ
   179   180   181   182   183   184   185   186   187   188   189