Page 188 - index
P. 188

15-жұмыс

    Тақырыбы: Хромосомалардың құрылымдық өзгерістерін
зерттеу. Мутацияларды алу әдістері.

    Мақсаты: Хромосомалардың құрылымдық өзгерістер типтері-
мен танысу.

    Құрал-жабдықтар: Микроскоп, суретін түсіруші аппарат, арпа,
бидай, скерда өсімдіктерінің тамыр меристемасының өсінділері,
Кар-нуа фиксаторы, 5% НСІ, хром қышқылы, цитаза, пектиназа, 15%
сірке қышқылы, ацето-кармин, хлоральгидрат, зат және жабын шы-
нылар, химиялық мутагендер (этиленимин, НММ).

    Тапсырмалар: 1. Арпа, бидай және скерда өсімдіктерінің тұқы-
мын химиялық мутагендер және гамма сәулелерінің белгілі доза-
ларымен өңдеп, 25°С термостатта өсіру.

    2. Тұқымның тамыр меристемасының өсіндісін фиксациялау.
    3. Материалдарды бояғыш заттар арқылы бояу, жұмсарту.
    4. Уақытша препараттар жасау.
    5. Дайын препараттардан хромосомдық өзгерістердің типін
анықтаңдар.
    Тапсырмаларға түсініктеме:
    Тұқым қуалайтын немесе генотиптік өзгергіштікті: комбинатив-
тік және мутациялық өзгергіштік сияқты екі типке бөледі.
    Мутациялық өзгергіштік. Мутация деп хромосомалардың
немесе гендердің кенеттен өзгеруін айтады. Мутацияның пайда бо-
луы және қалыптасуы мутагенез деп аталады. Ал тұқым қуалай-
тын өзгерістерді тудыратын факторларды мутаген деп атайды.
Мутациялық үдерістің нәтижесінде жаңа қасиеттерге ие болған
дараларды мутанттар дейді. Мутациялық өзгергіштік тұқым
қуалайды. Олардың пайда болуы бірнеше кезеңдерді қамтитын
үдеріс. 1901 жылы Голандия генетигі Гуго де Фриз «Мутациялық
теория» деген еңбегінде мутация терминін енгізді.
    Ч. Дарвин «Үй жағдайында өсімдіктер мен жануарлардың өз-
гергіштігі» атты еңбегінде (1868) бірнеше тұқым қуалайтын өзге-
рістерді сипаттады. Жаңа Англияда (АҚШ) 1791 жылы қой өсіретін
анкон фермасында аяқтары қысқа, денесі ұзын еркек қозы туылады.
Бұл құбылыс ата-анасының біреуінің жыныс жасушасында гендік
мутацияның болуы арқылы түсіндірілді. Ч.Дарвин бұл қойларды
«Жартылай кемтарлар» деп атаған. Малдардың аяқтарының қысқа
болуы және жайылым кедергілерінен өте алмауы фермерлерге ұнай-

           188

⇐ МАЗМҰНЫ
   183   184   185   186   187   188   189   190   191   192   193