Page 180 - index
P. 180

теді. Екіншіден, белгінің ұрпақ бойына әйелдерде және еркектерде
кездесуі голандриялық типті емес екенін белгілейді. Енді белгілер-
дің тұқым қуалау типінің екі түрі қалды, біреуі – аутосомды доми-
нантты, екіншісі – жыныспен тіркескен доминантты. Шежірені
сараптағанда ІІ ұрпақтағы еркектің үш қызында зерттеліп отырған
ІІІ-1, ІІІ-5, ІІІ-7 белгі бар, бір қызында ІІІ-3 жоқ болып отыр. Бұл
белгінің жыныспен тіркесіп тұқым қуалау типіне жатпайтынын көр-
сетеді. Сонда бұл шежіреде белгінің аутосомды-доминантты типті

тұқым қуалауын көрсетеді.

                               

    4-есеп. Шежіредегі тұқым қуалау типін анықтаңдар.
    Шешуі: Белгі шежіреде әр ұрпақта кездеспейді, байқалмайды.
Бұл аутосомды доминантты типтіге жатпайтынын көрсетеді. Белгі
еркектерде де және әйелдерде де кездесетін болғандықтан, голанд-
риялық типтіге де жатпайды. Жыныспен тіркескен рецессивті типті
тұқым қуалауды анықтау үшін үшінші ұрпақтағы ІІІ-3 және ІІІ-4
туыстық некені алайық, егер еркектің генотипі Х А V, әйелдікі Х А Х а
болса, олардан генотипі Ха Ха қыз тумайды. Бұл шежіреде осындай
генотипі бар қыз ІV-2 бар. Сонымен белгінің кездесу жиілігі еркектер
мен әйелдерде бірдей екені, туыстық некенің болуы, белгілердің тұ-
қым қуалауы аутосомды-рецессивті типтіге жататыны көрсетеді.
    Ескерту:
    Есептерді шығару үстінде мына мәселелерге көңіл аударыңдар.
    1. Аутосомды-доминантты, аутосомды-рецессивті тұқым қуа-
лау типін білу үшін ата-анасының фенотипін ескеру керек. Егер ауру
ата-анадан (бір немесе екеу) ауру бала туса, онда белгі – доминант-
ты, сау ата-анадан ауру бала болса, онда белгі – рецессивті.
    2. Белгінің жыныспен байланысын қарау керек. Егер белгі аталық
және аналық жыныста бірдей мөлшерде кездессе, онда тұқым қуалау
– аутосомды. Егер белгі бір жыныста кездессе немесе бір жыныста

көбірек білінсе, онда тұқым қуалау – жыныспен тіркескен деп атайды.

           180

⇐ МАЗМҰНЫ
   175   176   177   178   179   180   181   182   183   184   185