Page 185 - index
P. 185

деп айтады. Яғни, Абайдан 20 жылдан кейін. Осы Ділдәдан туған
Абайдың тұңғышы – Ақылбай. Ол 1861 жылы туып, 1904 жылы
қайтыс болған. Заңдылық па, тағдырдың сәйкестігі ме? Әуелі 1904
жылы Абайдың үшінші ұлы Мағауия қайтыс болады. Мағауияның
қырқын беріп жатқан күні Абайдың өзі дүние салады. Міне, осы екі
өлікті аттандырып, соңғы қонағасын беріп, әкесінің қырқын өткізіп
жатқан күні Ақылбай қайтыс болады.

    Тұнғыш ұлы Ақылбай болса, онан кейінгі туған баласы Әкімбай
деген болатын, бірақ ол жастайында кеткен. 1865 жылы туған бала
шамасы 8-9 жыл өмір сүрсе керек. Одан кейін туған баласы Әб-
дірахман, оны еркелетіп Әбіш деп атап кеткен. Әбіштен кейінгі ұл
Мағауия болса, Гүлбадан, Райхан деген екі қыз болған.

    Екінші әйелі Әйгерім 1858 жылы туып, 1918 жылы қайтыс бол-
ған. Әйгерімнен 4 бала дүниеге келген. Олар: Тұрағұл, Мекайыл,
Узқайыл, Кенже.

    Абайдың ұлдарын талдайтын болсақ, Әкімбайы өте жас кетеді.
Әбдірахман 1895 жылы Верный қаласында, қазіргі Алматыда, ауыр
науқастан қайтыс блады.

    Зерттеулерге қарағанда Әбдірахман өлерінен бір-екі жыл бұ-
рын Мағрипаш деген қызға үйленіп, содан туған Рахила деген қыз
қалады. Сол Рахиладан Инган, Ихсан деген ұл балалар, Марфуға атты
қыз туады. Инганы екінші дүниежүзілік соғыста опат болса, Ихсаны
1955 жылы дүниеден қайтыпты. Марфуғасы ұзақ жасап, Алматыда
тұрып кетсе керек.

    Абайдың тұңғыш ұлы Ақылбайдың 6 баласы болған. Олар Әу-
бәкір, Сырайыл, Әлімқұл атты ұлдар мен Бәкиза, Рахия, Сағдат де-
ген қыздар. Тағы бір ескеретін жайт Абайдың өзіне тетелес інісі
Оспанның ер баласы болмағандықтан Абайдың осы Ақылбайынан
тараған немерелерін бауырына басса керек. Оған дәлел 1887 жылы
туып, 1935 жылы қайтыс болған Әубәкір Оспанов болып жазылған.

    Оспанның бауырында өскен осы Әубәкірден Әлхан, Қапсалам
деген екі ұл болса керек. Бірақ екеуі де екінші дүниежүзілік соғысқа
қатысып, сол соғыстан қайтпаған. Ақылбайдың Әлімқұлынан 5 бала
болған. Олар: Ғазиза, Зәбира, деген қыздар мен Шәбит, Бахфур, Қауаш
атты ұлдар. Бахфурдан басқаларының ұрпағы жөнінде дерек жоқ.
Ал, Бахфурдың Эрнст, Бауэр, Айдар деген балалары болған көрінеді.
Эрнст, Бауэр деген аттарға қарағанда Абайдың үрім-бұтақтары 1928–
1930 жылдары жан-жаққа бытырап көшуге мәжбүр болған сияқты.
Ал Срайылдан Рахила деген қыз туыпты да одан Ай, Есхан, Бәтима,

           185

⇐ МАЗМҰНЫ
   180   181   182   183   184   185   186   187   188   189   190