Page 178 - index
P. 178

Бақылау сұрақтары мен есептері
    1. Адам генетикасының зерттеу әдістерін атап шығыңдар?
    2. Әдістердің қайсысы ерте кезден белгілі және оны қандай
жағдайда қолданады?
    3. Конкордантты және дискордантты деген не?
    4. Цитогенетикалық және биохимиялық әдістерді қандай мақсат-
та қолданады?
    5. Адамның тұқымқуалаушылығын зерттейтін әдістерден, гене-
тиканың негізгі әдісі гибридологиялық анализдің қандай ерекшелі-
гі бар?
    6. Генотипоскопиялық әдістің басқа әдістерден артықшылығы
неде?

    Адам генетикасының шежіре әдісіне арналған типтік есептер
және оларды шығару жолдары

    Шежіре әдісі туралы, оны құрастыру және талдау белгілердің
тұқым қуалау типтері туралы толық мәліметтер «Адам генетикасы-
ның зерттеу әдістері» тарауында берілген.

    1-есеп. Адамда қой көзді белгіні анықтайтын ген, көк көзді
белгіні анықтайтын генге қарағанда басым. Әкесі жағынан әжесі
мен атасы (5,6) атасының шешесі (3) және атасының әкесінің әке-
шешесі (1,2) қой көзді, атасының әкесінің (4) көзінің түсі көк болған.
Шешесі жағынан нағашылары әжесінің (11), әжесінің шешесінің
(13), әжесінің шешесінің шешесінің (15), көздері көк. Ал атасының
(12), атасының әкесінің (14) және атасының әкесінің әкесінде (16)
қой көзділік белгі тұқым қуалаған. Ал шешесі (10) мен бір ұлының
көздері қой көзді де, әкесі (7) мен екінші ұлының (8) көздері көк.
Осы мәліметтерге сүйеніп, ұлдардың шежіресін құрастырып, отбасы
мүшелерінің генотипін және тұқым қуалау типін анықтаңдар.

    Шешуі: Шежіре құрастырудан және оны сараптаудан бастала-
ды. Шежірені құрастыруды пробандыдан (зерттелетін белгінің
иелерінен) бастаған дұрыс. Ол үшін ұрпақ деңгейін көрсететін бір-
неше тура сызық сызамыз да, төменгі жағына пробандыны орна-
ластырамыз, онан жоғары сызықта ата-анасын көрсетеміз.

    __________________________
    __________________________
    __________________________
    __________________________
    __________________________

           178

⇐ МАЗМҰНЫ
   173   174   175   176   177   178   179   180   181   182   183