Page 189 - index
P. 189

ды. Фермерлердің сұрыптау жұмысын жүргізуі нәтижесінде анкон
тұқымды қойлар пайда болды.

    Қазір анкон гені туралы не айтуға болады? Белгілі бір себептер-
мен қойлардың қаңқасын анықтайтын ген мутацияға ұшыраған.
Оның қай кезде болғанын анықтау қиын, себебі ол рецессивті ген
болғандықтан, ұрпақтан-ұрпаққа гетерозиготалы күйінде беріліп
отырған.

    Анкон гені бар қошқарды өз анасымен будандастырғанда, анкон
тәрізді қойлар алынған. Оларды бір-бірімен шағылыстыру арқылы
анкон тұқымы шығарылған.

    Дәл осындай мутация 1919 жылы Норвегияда және 1966 жылы
Донецк облысында Роза Люксембург совхозында цигай қойларында
қайталанады. Мұндай мутациялар түлкілерде, қояндарда кездеседі.

    Жалпы мутацияны эволюциялық үдерістің алғашқы материал-
дық негізі деп есептеген жөн. Мутациялық өзгергіштіктің барлық
түрлері тірі организмдерге тән. Организмдердің ерекшеліктеріне:
фенотипінің және генотипінің өзгеруіне қарай мутациялар: морфо-
логиялық, физиологиялық, гендік, хромосомдық, геномдық болып
бөлінеді.

    Хромосомалық мутациялар. Хромосомалар құрылысының (құры-
лымдық) өзгеруі. Олардың: хромосомдық және хромотаидтік мута-
циялар сияқты екі типін ажыратады. Көптеген хромосомалық мута-
цияларды препарат жасап, микроскоппен көре алады. Хромосомалық
және хроматидалық мутациялардың: транслокация, инверсия, жетіс-
пеушілік (делеция) және сақина тәрізді, т.б. түрлері бар.

22-сурет	  23-сурет		  24-сурет

    Транслокация дегеніміз – екі хромосоманың немесе бір хромо-
соманың (екі хроматида) хромосома материалымен өзара алмасуы
(22-сурет). Д→А – хромосомалар арасында.

           189

⇐ МАЗМҰНЫ
   184   185   186   187   188   189   190   191   192   193   194