Page 208 - index
P. 208

2рq Аа + q 2 аа = 1. Рецессивті а генінің жиілігі: q = 1/ 20000 = 1/141.
р – генінің жиілігі: р = 1 – 1/ 141 = 140 / 141.

    Популяциядағы гетерозиготалы дарлардың саны 2 рq = 2 х
9140/141х1/141 =1/70-ке тең. Пайызға айналдырғанда 1,4 % болады.

    6-есеп. Халқы жарты миллиондай қалада алкаптонурия аурумен
ауыратын төрт адам кездескен. Бұл ауру аутосомды-рецессивті типті
тұқым қуалайды. Осы популяциядағы гетерозиготалы даралардың
санын анықтау керек.

    Шешуі: 2 рq = 0,058.
    7-есеп. Тея-Сакс ауруын бақылайтын ген аутосомды рецессивті
белгі ретінде тұқым қуалайды. Аурудың жиілігі жаңа туғандардың
милионнан біреуінде кездеседі (1000000:10). Осы популяциядағы ре-
цессивті аллельді және гетерозиготалы даралардың жиілігін анық-
таңдар.
    Шешуі: Харди-Вайнберг формуласына салып, q және р-ның
мәнін тауып, гетерозиготалардың жиілігін анықтаймыз.
    Жауабы: q = 0,003 ; 2рq = 0,006.
    8-есеп. Тәжірибеге алынған 1100 жапондықтардың М қан то-
бына 356 адам; МN қан тобына 519 адам; N қан тобына 225 адам
тіркелген. Осы популяциядағы аллельдердің жиілігін және Харди-
Вайнберг заңына сәйкес аллельдердің теориялық күтілудің жиілігін
анықтаңдар. Шығару жолдарын жазыңдар.
    Жауабы: рm= 0,560, qN = 0.440

          ММ = 345 адам;
          МN = 2рq = 542 адам;
          NN = 213 адам.
    9-есеп. Популяцияда фенотип жиілігін анықтау.
    Фенотипте гомозиготалы жағдайда болатын рецессивті аллель-
дің популяциядағы таралу жиілігін білген жағдайда, доминантты
аллельдің таралу жиілігінесептеп шығаруға болады.
    Егер популяциядағы даралардың жалпы санын N белгілесек, А
белгісі бар даралардың саны – n1, а белгісі бар даралардың саны –
n2 көрсетеміз. Сонда А фенотиптің жиілігі = n1/ N: а фенотипінің
жиілігі = n2/ N. Егер фенотиптің жиілігі пайызбен берілсе, онда А фе-
нотип жиілігі= n1. 100/ N: а = n2. 100/ N болады. Мысалы, бір ауданда
тұратын 24 343 адамдардың қан топтарын тексергенде, бірінші топқа
– 9271 адам, екінші топқа – 8643 адам, үшінші топқа – 4956 адам
жатқан. АВО жүйесіндегі қан топтарының жиілігін анықтаңдар.
    Шешуі: Бірінші қан тобының жиілігі – 9271/24 343 = 0,39 немесе

           208

⇐ МАЗМҰНЫ
   203   204   205   206   207   208   209   210   211   212   213