Page 207 - index
P. 207

Шешуі:
    Бұл аллельді гендердің өзара әсері кодоминанттылыққа жата-
тын болғандықтан, М және N аллельдің жиілігі тура есептеу әдісі-
мен анықталады:

рМ = (1218 +1050) = 0.54 ;  qN=  (882 +1050)  = 0.46 .
             4200                    4200

    2-есеп. Адамда альбинизм белгісі рецессивті аллелмен анықта-
лады. Еуропада тұратын халықтарда альбинизм белгісінің кездесу
жиілігі =1 : 17000 тең. Осы популяциядағы гетерозиготаның жиілі-
гін анықтаңдар.

    Шешуі:
    Харди-Вайнберг формуласына (р2 + 2рq + q2 = 1) саламыз. Сонда,

          1

qа = 17000 ≅ 0,0077 ; рА = 1 – qа ≅ 0,9923, гетерозиготаның жиілігі
рq ≅ 0,0153 немесе 1,5%.

    3-есеп. Популяцияда N N қан тобы бар адамдардың жиілігі –
16%-ға тең. М және N аллельдердің жиілігін және MM, М N, N N
қан топтарының қатынасын анықтаңдар.

    Шешуі:
    Популяцияда N N гомозиготаның жиілігі: 16% (0,16) құрайды.
    Популяция N аллельдің жиілігін табамыз: 1-0,16 = 0,4. Сонда
популяцияда М аллельдің жиілігі 1 – 0,4 = 0,6. ММ гомозигота-
ның санын анықтаймыз. ММ : 0,62 = 0,36 -ға тең, ал гетерозиготаның
МN саны МN : 2 Х 0,6 Х 0,4 = 0,48 (48%)-ге тең болады.
    4-есеп. Популяцияда дальтонизммен ауыратын ер адамдар 0,08.
Бұл ауру жыныспен тіркесіп, тұқым қуалайтын рецессивті гендер-
мен анықталады. Әйелдің үш генотипінің күтілу жиілігі қандай?
    Шешуі:
    Дальтонизм ауруы жыныспен тіркескен болғандықтан, бұл ауру-
дың кездесу жиілігі q генінің жиілігіне тең. Сондықтан q = 0,08 және
р – 1 – 0,08 = 0,92-ге тең болады. Енді әйелдер арасындағы әртүрлі
генотиптердің күтілу жиілігі (0,92)2 ; 2 х 0,92 х 0,08 = 0,147; (0,08)2 =
0,006.
    5-есеп. Альбинизм аутосомды рецессивті түрде тұқым қуалайды.
Оның жиілігі 1:20000-ға тура келеді. (А.Мюнтцинг, 1967; К. Штерн,
1965). Популяциядағы гетерозиготаның санын есептеп шығыңдар.
    Шешуі: Альбинизм гені рецессивті түрде тұқым қуалайды.
1/20000 – q2-қа тең. Харди-Вайнберг формуласы бойынша р2 АА +

                            207

⇐ МАЗМҰНЫ
   202   203   204   205   206   207   208   209   210   211   212