Page 211 - index
P. 211

ну жиілігі 0,08. Еркектерде дальтонизм әйелдермен салыстырғанда
қанша есе жиі кездеседі?

    22-есеп. Гемофилия ауруын анықтайтын аллельдің көріну жиі-
лігі – 0,0001. Әйелдермен салыстарғанда еркектердің ішінде гемо-
филиктер неше есе жиі кездеседі?

    23-есеп. Еуропада тұратын халықтардың 16%-ның резусы теріс
екені анықталған. Популяцияның генетикалық құрамын анықтау
керек.

    24-есеп. Алматы қаласындағы асыл тұқымды емес иттер попу-
ляциясында құлағы қалыпты 355, құлағы орташа 300 және құлағы
қысқа (шұнақ).

    25-есеп. Егер А-а мутацияның жиілігі 10 -6 десек, кері мутация-
лар (жабайы түріне айналу) жоқ. 10, 1000, 100  000 ұрпақтан кейін
А аллелінің жиілігі қандай болады? Есептің шығару жолдарын жа-
зыңдар.

    Жауабы: 0,99999; 0,999 ; 0,905.

           211

⇐ МАЗМҰНЫ
   206   207   208   209   210   211   212   213   214   215   216