Page 210 - index
P. 210

12-есеп. Адам популяциясында қан тобы NN адамдар 16% құ-
райды. N және N аллельдерінің және ММ, МN, NN қан топтарының
жиілігін анықтаңдар.

    13-есеп. Популяцияда дальтонизм жиілігі ерлер арасында 0,08
тең. Бұл белгі жыныс хромосомамен тіркесіп тұқым қуалайтын ре-
цессивті аллель. Үш әйелдің генотипінің күтілу жиілігі қандай болуы
мүмкін?

    14-есеп. Адам популяциясында қой көзді адамдар 51% құрай-
ды немесе 0,51. Ал көк көзділер 49% немесе 0,49 болады. Қой көз-
ді белгі көк көзді белгіден доминантты. Популяциядағы генотип-
тердің жиілігін есептеп шығарыңдар.

    15-есеп. Төрт популяция генотиптерінің жиілігі жөнінен мына-
дай болса:

    1. АА 60% және аа 40%
    2. АА 40% Аа 40% және аа 10%
    3. АА 30% Аа 60% және аа 10%
    4. АА 20% және аа 80%
    Панмиксия жағдайында F1 ұрпақтағы әрбір популяциядағы АА,
Аа, аа генотиптері жиілігін анықтау керек.
    16-есеп. Ірі қара малдың популяциясында 4169 малдың түсі
қызыл, 3780 бурыл және 756 ақ болған. Памиксия жағдайында үшін-
ші ұрпақ / F3 / популяциясындағы генотиптердің және аллельдердің
жиілігін анықтаңдар.
    17-есеп. Тышқан популяциясында жыл бойына 2% альбинос ұр-
пақ алынған. Альбинизм рецессивті белгі. Панмиксия жағдайында
аллельдердің жиілігін және гетерозиготалардың санын есептеп шы-
ғару керек.
    18-есеп. Жалпы альбинизм аутосомдық рецессивті белгі ретінде
тұқым қуалайды. Аурудың кездесу жиілігі 1:20000. Популяция ішін-
дегі гетерозиготалардың санын есептеңдер.
    19-есеп. Өсімдіктер жиынтығы 30 гетерозиготадан және 1000
гомозигота АА тұрады. Популяциядағы А және а аллельдің жиілі-
гін, панмиксия жағдайында келесі ұрпақтағы генотиптердің жиілігін
анықтау керек.
    20-есеп. Жануарлар тобы 60 гомозиготалы ВВ және 4 гомозиго-
талы вв тұрады. Топтағы доминантты және рецессивті гендердің
жиілігін, Панмиксия жағдайында ұрпақтың генетикалық құрылы-
мын анықтау керек.
    21-есеп. Адамда дальтонизм ауруын анықтайтын аллельдің көрі-

           210

⇐ МАЗМҰНЫ
   205   206   207   208   209   210   211   212   213   214   215