Page 212 - index
P. 212

Дала практикумы
                18-жұмыс

    Тақырыбы: Генетикалық учаскені ұйымдастыру.
    Мақсаты: Учаскенің жоспары мен өңдеу жолдарымен танысу.
    Құрал-жабдықтар: жер өңдейтін саймандар, шағын культива-
тор, тырмалар, күректер, тыңайтқыштар, құнарлы топырақтар, т.б.
    Біріншіден, студенттердің зертханалық жағдайында жүргізе ал-
майтын тәжірибелерді қою тәртібін үйрету және теориялық білім-
дерін іс жүзінде бекіту.
    Екіншіден, болашақ мұғалімдерді табиғатта болып жатқан гене-
тикалық заңдылықтарды біліп, өсімдіктер мен жануарлардың бел-
гілері мен қасиеттерінің тұрақтылығын, сонымен қатар алуан түрлі
өзгергіштігін көрсету.
    Үшіншіден, қоршаған табиғаттағы ортаны ластаудың әртүрлі
тірі организмдердің тұқымқуалаушылық және өзгергіштік қасиетіне
тигізетін зиянды әсерімен таныстыру.
    Төртіншіден, студенттерді генетикалық және селекциялық жұ-
мыстар жүргізу үшін алынатын аталық және аналық организмдердің
ерекшеліктерімен, олардың нақты қасиеттерімен, гибридологиялық
анализ және селекцияның әдістерімен таныстыру.
    Бесіншіден, дала практикасы кезінде студенттер мектеп қабыр-
ғасында қойылатын тәжірибелерді өздері жүргізіп, генетикадан
және цитологиядан қыс кезінде өтілетін зертханалық сабақтарға ма-
териал дайындайды. Осымен қатар дала практикасы студенттерді
шығармашылық ізденіске баулиды.
    Дала практикасының орны:
    Педагогикалық институттардың, университеттердің агробиоло-
гиялық станциялары, ғылыми-зерттеу институттарының өсімдік се-
лекциясын жүргізетін учаскелері.

                           Жұмыстардың түрлері            18-кесте

№ Дала практикасында істелетін жұмыстар мерзімі     Тапсырмалар
                                                         саны
1 Генетикалық участкені ұйымдастыру.         сәуір         4
                                             сәуір
2 Жалпы мәдени өсімдіктердің генетикалық                   1
     коллекциясымен таныстыру /бидай, арпа,
     асбұршақ, т.б./

           212

⇐ МАЗМҰНЫ
   207   208   209   210   211   212   213   214   215   216   217