Page 209 - index
P. 209

39 пайыз. Екінші қан тобының жиілігі – 8643/24343 = 0,355 немесе
35,5 пайыз.

    Үшінші қан тобының жиілігі – 5000/ 24 343= 0,255 немесе 25,5
пайыз. Сонымен, ауданда тұратын адамдардың фенотиптерінің (қан
топтарының жиілігі) қосындысы бірге (не 100%-ға) тең болады. n1+
n2 + n3 = 0,39 + 0,355 + 0,255 = 1; 39 % +35,5% + 25,5 = 100%.

    10-есеп. Аустралияда тұратын негізгі халықтарының қан топта-
рын зерттегенде, М-қан топтарын 22 адам, МN-қан тобында 216
адам, N-қан тобында 492 адам анықталған. Популяцияның генети-
калық құрамын анықтаң дар.

    Шешуі: МN жүйесінде қан топтарының тұқым қуалауы екі жұп
аллельдер LM LN және генотиптердің түрлерімен LM LM LM LN LN LN
анықталады. Егер М-генінің жиілігін р-символмен белгілесек, онда
N-генінің символын q әрпімен белгілейміз. Сонда р2 – ММ генотип-
тің жиілігін популяцияда зерттелінген адамдардың қосындысына
бөлеміз: = 22/730 = 0,03. 2рq МN = 216/730 = 073; q2- NN =492/730
= 0,67. Харди-Вайнберг формуласына енгіземіз: р2 +2рq + q2 = 0,03 +
0,3 + 0,67 = 1,0. М-генінің жиілігін р:. р = р2 + 1/2 (2рq) = 0,03 + (0,3/2)
= 0,18 мына тәсілімен табуға болады. N-генінің жиілігі – q = q2 + 1/2
(2рq) = 0,67 + (0,3/2) = 0,82. Сонда р + q = 0,18 + 0,82 = 1,0-ге тең.

    Егер гомозигота жиілігінің бір нұсқасы ғана белгілі болса, онда
басқа жолмен есептеп шығаруға болады. Мысал ретінде мына есеп-
ті шығарып көрелік. Бір ауданда тұратын халықты зерттегенде, аль-
бинизм ауруының кездесу жиілігі 40000:1 біреуі кездесетін болған.
Популяцияның генетикалық құрамын анықтаңдар.

    Шешуі: Альбинизм белгісі рецессивті түрде тұқым қуалайды.
Рецессивті аллельдің жиілігін q символымен белгілесек, популя-
циядағы альбинизм белгінің жиілігі немесе аа генотиптің жиілігі q2 =
1/40 000-ге тең. Сонда а генінің популяциядағы жиілігі q = 1/ 40000
= 1/200. р + q = 1 тең болғандықтан, сау қалыпты аллельдің А жиі-
лігі: р = 1- q = 1-1/200 = 199/200 формуламен анықталады. Ал ге-
терозиготалы даралардың жиілігі: генотип: Аа = 2рq = 2 х 1/200 х
199/200 = 398/40000, ал қалыпты сау аллельдің жиілігі: АА = -р2 =
(199/200)2 = 39601/40000. Сонымен бұл популяциядағы генотиптер-
дің жиілігі: 1аа : 398 Аа : 39601 АА қатынаста болады.

    11-есеп. Ірі қараның популяциясында ала түсті мал 64% немесе
0,64%, ал қызыл түсті малда кездесу жиілігі 36% немесе 0,36
болатыны анықталды. А доминантты гені қызыл түсті, ал сол геннің
а рецессивті аллелі ала түсті белгілейді. Популяциядағы гомози-

готалы және гетерозиготалы жиілігін анықтау керек.

           209

⇐ МАЗМҰНЫ
   204   205   206   207   208   209   210   211   212   213   214