Page 214 - index
P. 214

Тапсырмаларды орындау
    Генетикалық учаскені ұйымдастыру және жоспарлау
    Институт немесе мектеп жанындағы генетикалық учаскені
ұйым-дастыру, онда жүргізілетін генетикалық жұмыстарды алдын
ала жоспарлау студенттердің дала практикасының қажетті бөлігі
болып саналады. Студенттер мұнда мәдени өсімдіктердің коллек-
циясымен (алуан түрлілігі) танысып, шағылыстырулардың түрлері,
орындалудың әдістерін игеріп, гибридологиялық анализ арқылы бел-
гілердің сапа және сан жағынан тұқым қуалайтын заңдылықтарын
анықтайды.
    Генетикалық участкенің көлемі, онда егілетін дақылдардың түрі-
не, сорттарына, орындалатын тапсырмалардың санына байланысты.
Алдын ала ескеретін мәселе болашақ учаскеде егілетін дақылдардың
санын, жүргізілетін тәжірибелермен тапсырмаларды сызбанұсқаға
түсіріп алған жөн. Участкенің жері тегіс, топырағы құнарлы, су және
жарықпен қамтамасыз етілетіндей болуы қажет. Участке негізінен:
коллекциялық және тәжірибелік екі бөлімнен тұрады. Коллекция-
лық бөлімде сол ауданда, не облыс бойынша өсірілетін дақылдар-
дың алуан түрлі сорттары және жабайы түрлері егіледі. Ал тәжірибе
бөлімінде шағылыстыруға алынатын дақылдардың сорттары егіліп,
шағылыстыру жұмыстары осында жүргізіледі. Егілетін дақылдар-
дың сорттарын алғашқы кезде, ғылыми-зерттеу мекемелерінен, се-
лекциялық станциялардан алып, оны жылда толтырып отыру қажет.
Әрбір дақылдың сортынан 500-1000 дән болса жеткілікті. Ал келесі
жылға, жаңа өнімнен дайындаған дұрыс.
    Генетикалық участкеде әр жүйенің атыздың ұзындығы 1 м2
(астық тұқымдастарда), арақашықтығы 15 м. Онда егілетін тұқым-
ның саны 25 болып, 3-6 см тереңдікте қолмен егіледі. Студенттер
әр жүйеде егілген дақылдардың түрін, сорттарын арнайы дәптеріне
жазып, бақылау жұмыстарына бос орын қалдырады. Дала практика-
сының дәптері студенттердің есеп беретін құжаты ретінде қаралады.
    Участкеде егілетін дақылдарды күту, арамшөптерін тазарту, су-
мен қамтамасыз ету, жинау, топырақтың құнарлығын арттыру, т.б.
агротехникалық жұмыстар студенттердің үлесінде болады.

           214

⇐ МАЗМҰНЫ
   209   210   211   212   213   214   215   216   217   218   219