Page 65 - index
P. 65

6. Талдаушы будандастырудың нәтижесін талдау
    Fт-де сұр және қара денелі шыбындар бар екендігін, яғни ажы-
раудың болғандығын анықтау, Сұр және қара шыбындарды есеп-
теп, нәтижесін кестеге жазып қою.
    7. Будандастырудың сызбанұсқасын құрастыру
    Екі будандастыру сызбанұсқасын көрсету: F1 және F2, талдаушы
будандастыру. 9-суретке және сызбаға сәйкес геннің аллельдерін
көрсету.
    8. Алынған нәтижелерді статистикалық жолмен өңдеу
    F2 және Fт тәжірибелерінде алынған нәтижелер, яғни сұр және
қара шыбындардың арақатынасы теория бойынша күтілгеннен,
яғни 3:1 немесе 1:1 басқаша болып шығады. Осы айырмашылық
кездейсоқ па? Немесе ажырау теория бойынша күтілгенге сәйкес, не
сәйкес еместігін тек қана статистикалық әдіспен анықтауға болады.
Өте қарапайым және қолайлы әдіс Х2 (хи квадрат) әдісі. Бұл әдісті
қолдану Х2-тың шамасын есептеу және оны бағалауды көздейді.

Есептеу:

           Х2  = ∑ (О  Е)  

                        Е

әдісі бойынша жүргізіледі. Мұнда, ∑ – жиынтық белгісі; Е – нақ-
ты бір белгісі бар особьтардың теория бойынша алынуға тиіс саны;
О – нақты алынған мәліметтің әр класс үшін тиісті теориялық күті-
лімнен ауытқуы.

    Есептеу кезінде тәжірибеде алынған нақты сандық мәліметтер-
дің (О) негізінде ажырау кластарының кестесін құрады. Содан соң
іріктеменің көлемін құрайтын барлық кластар жиілігінің қосын-
дысынан әрбір кластың теориялық шамаларын (Е) алып тастайды,
бұл жерде олардың 3:1, 1:1 т.б. ажырауға сәйкестігі ескеріледі.
Әрі қарай алынған мөлшердің әрбір кластың теориялық күтілім
мөлшерінен ауытқуын (Е) шығарады.

    Әрбір ауытқу, яғни квадратқа шығарады және оны берілген
кластың теориялық күтілім санына бөледі:

                                        (О  Е) .
                                           Е

    Содан соң барлық жеке мәндерді қосады да жоғарыда келтіріл-
ген формула арқылы Х2-тың мәнін шығарады. Х2-тың шамасын
Фишер кестесі арқылы анықтайды (5-кесте). Кестеде мүмкіншілік

           65

⇐ МАЗМҰНЫ
   60   61   62   63   64   65   66   67   68   69   70