Page 63 - index
P. 63

6-жұмыс

    Тақырыбы: Бір жұп белгінің тұқым қуалауы (моногибридті
будандастыру).

    Мақсаты: Моногибридті будандастырудағы тұқым қуалаудың
негізгі заңдылықтарымен (доминанттылық және рецессивті) белгі-
лердің ажырауымен таныстыру.

    Құрал-жабдықтар: Әрбір студентке 5 пробирка беріледі. Әр
пробиркада жеке-жеке қара денелі аналық дрозофила тізбегі, сұр
денелі аталық тізбек, F1-дің буданы, F2 буданы. Fт-талдаушы шағы-
лыстырудың будандары бар.

    Тапсырмалар:
    1. Дрозофила шыбынында бір жұп белгілердің тұқым қуалауын
бақылау.
    2. Аталық және аналық шыбындардың генетикалық тазалығы.
    3. Бірінші ұрпақ будандарын талдау.
    4. Екінші ұрпақ алуға шағылыстыру қою.
    5. Екінші ұрпақ будандарын талдау.
    6. Будандастырудың сызбанұсқасын құру.
    7. Алынған нәтижелерді статистикалық жолмен өңдеу.
    8. Есептер шығару.
    Тапсырмаларға түсініктеме
    1. Дрозофиланы ұйықтату және есептеу
    Шыбындарды алдын ала эфирде наркоздаған соң ғана есептеуге
болады.
    Наркоздау төмендегідей ретпен жүргізіледі: ішінде ұшып жүр-
ген шыбындары бар пробирканы түп жағымен алақанға немесе
пенопластқа немесе жұмсақ резинкаға ептеп ұрады, шыбындар тү-
біне құлап түскенде мақта тығынды тез суырып алады да, эфири-
заторды пробирканың аузына тақайды. Содан кейін шыбыны бар
пробирканы және эфиризоторды төңкереді, сол кезде эфиризатор
пробирканың астында қалады, осыдан соң эфиризаторды сілкілеу
арқылы шыбындарды соның ішіне түсіреді. Барлық шыбындар эфи-
ризатордың түбіне жиналған соң, оның аузын тез тығындап, соңғы
шыбын ұйықтағанға дейін күтеді.
    Енді шыбындарды бақылап, есептеу үшін шынының не қағаз-
дың бетіне төгеді. Шыбындар наркоздық жағдайда 5 минутқа жуық
уақыт болады. Егер шыбындар қажетті уақыттан бұрын оянып кет-
се, олардың үстіне эфирге малынған мақтасы бар сағат шынысын
немесе Петри табақшасын төңкеріп қояды.

           63

⇐ МАЗМҰНЫ
   58   59   60   61   62   63   64   65   66   67   68