Page 61 - index
P. 61

2. Адамда фенилкетонурия /кемақыл/ рецессивті белгі ретінде тұ-
қым қуалайды. Ата-анасы осы белгі бойынша гетерозиготалы отба-
сында балалары қандай болуы мүмкін?

    3. Көк көзді еркек әке-шешесі қой көзді, қой көзді қызға үйленеді.
Ал қыздың әпкесінің көзі көк. Осы некеден көк көзді бала болуы
мүмкін бе?

    4. Адамда Тея-Сакс идиопатиясы аутосомды-рецессивті типті тұ-
қым қуалайды. Осы отбасында бірінші туған ұлы осы аурудан өледі.
Келесі туатын баланың ауру болуының ықтималдығы қандай?

    5. Адамда синдактилия /саусақтарының бірігіп өсуі/ аутосомды-
доминантты белгі ретінде тұқым қуалайды. Әке-шешесінің біреуі
осы ауру бойынша гетерозиготалы, екіншісінің саусақтары қалып-
ты отбасында ауру бала тууының мүмкіндігі қалай болмақ?

    6. Қызанның жемісінің дөңгелек пішіні, алмұрт тәріздесінен ба-
сым.

    а/ Ұрпақтарында дөңгелек және алмұрт пішінді жемістері тең-
дей алынған дараларының ата-анасының генотипі қандай болмақ?

    ә/ Фермер шаруашылығының учаскесінде будан тұқымдардан
өсірілген қызан көшеттері отырғызылған. Көшеттердің 39300-і ал-
мұрт пішінді, ал 117900 дөңгелек пішінді жеміс берген. Осылардың
ішінде қанша гетерозиготалы көшеттер болғанын анықтау керек.

    7. Дрозофила денесінің сұр түсі, қарасынан басым. Денесі сұр
түсті шыбын мен қара түсті шыбынды будандыстырғанда 157 сұр
және 152 қара түсті ұрпақ алынған. Аталық және аналық шыбын-
ның генотипін анықтаңдар.

    8. «Феникс» құс фермасында ақ асыл тұқымды леггорн тауығын
қара қоразбен будандастырғанда бірінші ұрпақта бірнеше жүз ақ
балапан алынған. Ал, екінші ұрпақта 445 ақ және 150 қара балапан
болған. Кері будандастыруда /бірінші ақ ұрпақтың ақ тауығын қа-
ра қоразбен будандастырғанда/ 254 ақ және 264 қара балапандар
алынған. Тауықтың түстері қалай тұқым қуалайды? Будандастыруға
алынған құстардың генотипі қандай? Үшінші ұрпақтың қанша бө-
лігі ақ түсті гомозигота болады?

    9. Қоян жүнінің қалыпты ұзындығы қысқасына қарағанда басым.
Қысқа жүнді қоян 7 көжек туады, оның төртеуі қысқа және үшеуі
қалыпты жүнді әкесінің генотипі мен фенотипін анықтау керек.

    10. Құндыз терісінің қалыпты бояуы – қоңыр, ақ /альбинос/
бояуына қарағанда доминантты. Егер гомозиготалы қалыпты бояу-
лы құндызды, альбинос құндызбен будандастырғанда қандай ұрпақ
алуға болады? Оларды альбинос құндызбен будандастырғанда алы-

натын ұрпақтардың фенотипі мен генотипі қандай?

           61

⇐ МАЗМҰНЫ
   56   57   58   59   60   61   62   63   64   65   66