Page 60 - index
P. 60

Ерлі-зайыптылардың біреуін әйелді ауру деп белгілейік оның
генотипі – аа. Оның күйеуі сау. Күйеуінің генотипі гомозиготалы
немесе гетерозиготалы болуы мүмкін. Осы отбасында екі түрлі
егіздердің тууы аталықтың генотипі гетерозигота екенін көрсетеді.

    Осы некенің үлгісін көрсетейік:

    Р. Аа Х аа
    Г. А а а
    Ғ1 Аа аа

    Осы отбасында ауру бала болғанымен, келесі баласының альби-
нос болып тууының ықтималдығы 50 пайыз, себебі гаметалардың
арақатынасы өзгермейді.

    5-есеп. Адамда оңқайлық белгі солақайлықтан басым, шешесі
солақай болған оңқай еркек, онқай әйелге үйленеді. Әйелдің үш інісі,
бір сіңлісі бар, олардың екеуі солақай болған. Әйелдің генотипін
анықтау керек. Бұл отбасында солақай бала дүниеге келу мүмкін бе?

    Шешуі:
    Есептің шартын кестеге енгіземіз:

Белгі       Ген      Генотип
Оңқайлық    А        АА, Аа
Солақайлық  а        аа

    Мұнда еркектің генотипі гомозигота немесе гетерозигота бо-
луы мүмкін. Еркектің генотипі гетерозигота, себебі оның анасы со-
лақай. Ал әйелдің генотипіне келсек, оның да генотипі гетерозигота
себебі оның үш інісі, бір сіңлісі бар. Олардың екеуі солақай. Бұл
әйелдің генотипі гетерозигота екенін білдіреді.

    Осы некенің үлгісін көрсетейік:

    Р. Аа Х Аа
    Г. А а А а
    Ғ АА Аа Аа аа. Бұл отбасында солақай болуының ықтимал-
дығы 25 пайыз.

                                Бақылау есептері
    1. Миоплегия /паралич/ аутосомды-доминантты тұқым қуалайды.
Осы ауру бойынша әкесі гетерозиготалы, шешесі – сау отбасында
ауру балалардың туу мүмкіндігі қандай?

                 60

⇐ МАЗМҰНЫ
   55   56   57   58   59   60   61   62   63   64   65