Page 62 - index
P. 62

11. Қаракөл қойларында жүнінің сұр түсін бақылайтын ген,
қара түсін анықтайтын геннен басымдылық көрсетеді. Сұр қаракөл
қойын гетерозиготалы сұр қошқармен будандастырғанда екінші ұр-
пақтың қозылары өле бастаған. Будандастыру үлгісін құрып өлген
қозылардың генотипін анықтау қажет.

    12. Моногибридті будандастырудың екінші ұрпағында 4 орга-
низм алынған. Осылардың қаншасы доминантты, қаншасы рецес-
сивті генді болады?

    13. Иттің жүнінің қара түсі, қоңыр түсінен басым. Қара түсті ит
бірненше рет қоңыр түсті итпен шағылыстырылған. Барлығы 17
қара және 15 қоңыр түсті күшік алынған. Ата-анасының және ұр-
пақтарының генотипін анықтауға бола ма?

    14. Генотипі Рр түлкілер платинді бояулы, ал рр-түлкілер күміс-
қара түсті болып келеді. Платинді бояулы түлкілерді бір-бірімен
шағылыстырғанда ұрпақтарында – 2 платинді, 1 күміс – қара күшік
туылған. Кейде ақ түсті күшікте алынған, бірақ олар кешікпей өліп
отырған. Осы күшіктің генотипі қандай.

    15. Ирландия сеттерінің /иттің үйретілген тұқымы/ рецессивті
геннің әсер етуіне байланысты көздері көрмей қалуы мүмкін. Осы
иттерді бір-бірімен шағылыстырғанда 5 күшік алынған, оның екеуі-
нің көзі көрмейтін болған. Сау күшіктің біреуі қолтұқымды көбей-
ту мақсатында сатылған. Оның ауру ген бойынша гетерозиготалы
болуының ықтималдығы қанша?

    16. Арпа өсімдігінің ерте пісетін белгісі кеш пісетінінен басым.
Арпаның екі сортын бір-бірімен будандастырғанда кеш пісетін ар-
памен салыстырғанда, ерте пісетін арпаның мөлшері 3 есе артық
болған. Ата-аналық арпа өсімдігінің фенотипін және генотипін
анықтау керек?

    17. Адамда қой көзді белгі көк белгіге қарағанда доминантты
түрде тұқым қуалайды. Әкесінің көзі көк, анасының көзі қой көзді
қыз, ата-анасының көзі қой көзді, көк көзді жігітке тұрмысқа шыға-
ды. Осы некеден қой көзді бала дүниеге келеді. Көрсетілген кісілер-
дің генотипін анықтау керек?

    18. Бұршақ өсімдігінің тұқымының қара түсі, ақ түсінен басым.
Мына будандастырудан алынған өсімдіктердің тұқымының түсі қан-
дай болмақ? а/ Аа х Аа; ә/ АА х Аа; в/ аа х АА; г/ Аа х аа.

           62

⇐ МАЗМҰНЫ
   57   58   59   60   61   62   63   64   65   66   67