Page 70 - index
P. 70

Ғ1 ұрпақ тауықтарын жай айдарлы қоразбенен шағылыстырғанда,
790 роза тәрізді және 798 жай айдарлы тауықтар алынған. Белгілер

қалай тұқым қуылайды? Ғ1 ұрпақ будандарының және ата-аналық
тауықтардың генотипін анықтау керек.

Берілгені: Тауықтарда айдар пішінінің тұқым қуалауы:

Р роза тәрізді х жай айдарлы

↓

Ғ1 117 роза тәрізді х жай айдарлы
              ↓↓

Ғ2 146 роза тәрізді Ғ2 790 роза тәрізді

58 роза    798жай  
  204        1588

    Жауабы:
    1. Бірінші ұрпақта будандардың түсінің бірдей болуы олардың
ата-анасы – гомозигота.
    2. Ғ2 ұрпақта белгілердің екі класқа ажырауы белгілер моноген-
ді тұқым қуалайды. Енді ажырау кезінде бір гаметаның үйлесу
мөлшерін табамыз – 204 : 4 = 51. Тәжірибедегі белгілердің ажырауы
146 : 51 = 1,1 тең немесе 3 : 1 қатынасында Х2 әдісімен тексергенде
моногенді ажырау (3 :1) екені дәлелденді (Х2 = 1,28; Р > 20).
    Аллельдерді белгілейміз. А – роза тәрізді; а – жай.
    Ата-аналық тауықтардың генотипі АА және аа. Ғ1 ұрпақтың бу-
данының – Аа. Талдаушы шағылыстыруда – Ғ1 ұрпақты рецессив-
ті гомозиготалы аталықпен шағылыстырғанда белгілердің ажырауы
1 : 1 қатынасында (Х2 = 0,065 ; Р > 0,70).
    Жауабы: Тауықтар айдарының пішіні бойынша роза тәрізді пі-
шінді айдарлы белгі жай айдарлығына қарағанда басымдылық көр-
сетеді.
    3-есеп. Анасының қан тобы – О, әкесінің қан тобы – В. Олардың
балаларында анасының қан тобы беріле ме? Әкесі мен анасының
генотипі қандай?
    Берілгені: Адам қан топтарының тұқым қуалауы.
    Шешуі: Қан тобы – О адамдардың генотипі – J0 J0. Сондықтан
анасының генотипі – J0 J0. Қан тобы – В адамдардың генотипі Jв Jв
немесе Jв J0.
    Жауабы: Балаларында анасының қан тобы тұқым қуалайды,
егер әкесінің қан тобының генотипі Jв J0 болса.

                              70

⇐ МАЗМҰНЫ
   65   66   67   68   69   70   71   72   73   74   75