Page 72 - index
P. 72

4. Егер анасының қан тобы А, ал баланың қан тобы В болса,
әкесінің қатынасы жоқ екенін дәлелдеуге бола ма? Егер әкелерінің
қан топтары О және АВ болса. Дәлелдеп беріңіздер.

    5. Отосклероз ауруы аутосомды-доминантты белгі ретінде тұ-
қым қуалайды. Осы аурудың адамдарда көріну ықтималдығы 30 па-
йыз. Осы отбасында сау және ауру балалардың тууының ықтимал-
дығын анықтаңдар, егер ата-анасының екеуі де осы ген бойынша
гетерозигота болса.

    6. Адамда альбинизм аутосомды-рецессивті белгі ретінде тұ-
қым қуалайды. Ата-ананың бірі альбинос, екіншісі сау отбасында
әртүрлі жұмыртқалы егіздер өмірге келген. Егіздердің осы ауру
бойынша біріншісі – сау, екіншісі – альбинос. Келесі баласының аль-
бинос болып туылу ықтималдығы қандай?

    7. Анасының қан тобы О, әкесінің қан тобы АВ. Олардың ба-
лаларында шешесінің қан тобы тұқым қуалай ма? Егер тұқым қуа-
ласа, қандай ықтималдықпен, ал қуаламаса неге?

           72

⇐ МАЗМҰНЫ
   67   68   69   70   71   72   73   74   75   76   77