Page 71 - index
P. 71

Берілгені. Адам. Туа берілген қант диабет ауруының тұқым
қуалауы. Туа берілетін қант диабеті ауруы – аутосомдары – рецес-
сивті тұқым қуалайтын d-гені анықтайды. Бұл белгінің көріну-кө-
рінбеуі (пенетрантность) әйелдерде 90%, еркектерде 70%. Осы ген
бойынша ата-анасы гетерозиготалы болған жағдайда отбасында сау
және ауру балалардың туу ықтималдығын анықтаңдар.

Шешуі:

1. Ата-анасы гетерозиготалы (Дd х Дd) жағдайда ауру бала

тууының ықтималдығы        1  (25%) тең. Дегенмен аурудың көрінуі то-
                           4

лық емес. Әйелдерде 90%. Өмірге аналық жыныстың туу ықти-

малдығы   ү(р12діс=.  50%), ал диабет ауруы  тұқым қуалауы бір-бірінен
тәуелсіз              Сонда диабетпен ауру   қыздың туу ықтималдығы

(0,25 х 0,9 х 0,5) х 100 = 11,25 % теңдеуге тең.

2. Ер адамдарда аурудың көрінуі 70%. Мұнда да ұл баланың

өмірге  дкиеалбуеіт(пе12н  = 50%) және диабеттің ұрпаққа берілуі тәуелсіз.
Сонда                      ауыратын ұлдың дүниеге келуі (0,25 х 0,7 х 0,5) х

100% = 8,75% теңдеуге тең.

3. Сонымен ата-анасы гетерозиготалы отбасында диабетпен ауы-

ратын ер баланың туу ықтималдығы мына төмендегіше:

11,25 % + 8,75 % = 20 % (25 % емес) тең.

Басқа балалары (генотиптері ДД, Дd – 75% және dd – 5%) сау

болып, 80% құрайды.

                                Бақылау есептері
    1. Қой көзді жігіт көк көзді қызға үйленеді. Олардан 8 қой көз-
ді балалар туады. Егер белгі бір генмен анықталатын болса, осы
отбасының барлық мүшелерінің генотипі қандай?
    2. Селекционер қызанақтың 1000 тұқымын алған. Осы тұқым
өсіп шыққан қызанақтың 242-сі аласа бойлы, қалғаны қалыпты
бойлы болған. Өсімдіктің бойының тұқым қуалауын, осымен қатар
тұқымы жиналған фенотипі мен генотипін анықтаңдар.
    3. Перзентханада бір түнде қан тобы О, А, В және АВ төрт сәби
дүниеге келген. Төрт ата-аналық жұптың қан топтары: І-жұп О және
О, ІІ-жұп АВ және О, ІІІ-жұп А және В, ІV-жұп В және В. Туылған 4
сәбиді өзінің ата-анасына бөлуге болады. Мұны қалай жасау керек?
Балалардың және барлық ата-аналардың генотипін анықтаңдар.

                              71

⇐ МАЗМҰНЫ
   66   67   68   69   70   71   72   73   74   75   76