Page 76 - index
P. 76

қымның пішіні бойынша белгілер 12:4 немесе 3:1 қатынасында
ажырайды. Сонымен дигибридті будандастыруды екі моногибридті
будандастырудың көбейтіндісі деп атауға болады. Мысалы, (3 сары:
1 жасыл) х (3 тегіс: 1 бұдыр) = 9 сары, тегіс: 3 сары, бұдыр: 3 жасыл,
тегіс: 1 жасыл бұдыр.

    Мендель ашқан бұл құбылыс кейін белгілердің тәуелсіз тұқым
қуалау заңы немесе Мендельдің үшінші заңы деп аталады. Бұл заң-
ның орындалуы үшін екі жағдай болуы керек. Будандастыру ке-
зінде бір белгі екінші белгіден толық басымдылық көрсетуі тиіс.
Екіншіден, тұқым қуалайтын гендер әртүрлі хромосомада орнала-
суы керек.

    Осыған сәйкес екінші ұрпақта ата-аналарынан өзгеше жаңа бел-
гілері бар өсімдіктер пайда болады. Мысалы, тұқымы сары, бұдыр
(Аавв) және тұқымы жасыл, тегіс (ааВв). Белгілердің бір-бірінен
тәуелсіз тұқым қуалау заңына сәйкес, бұл әр хромосомада орна-
ласқан гендердің тәуелсіз алмасуының нәтижесінде түзіледі. Мұның
селекция үшін үлкен маңызы бар.

    Талдаушы будандастыру. Организмнің фенотипіне қарап, оның
генотипін айыру қиын. Сондықтан өсімдіктер мен жануарлардың
генотипін анықтау үшін талдаушы будандастыру жүргізіледі. Бұл
будандастырудың селекциялық зерттеулерде маңызы зор. Талдаушы
будандастыру деп бірінші ұрпақ буданын рецессивті гомозиготалы
аталығымен будандастыруды айтады. Талдаушы будандастыру ар-
қылы шыққан тегі белгісіз организмнің генотипін тексеріп анық-
тайды. Егер будандастыру нәтижесінде екінші ұрпаққа доминантты
және рецессивті белгілер бойынша ажырау 1:1 қатынасында болса,
онда тексерілетін организмнің генотипі гетерозиготалы болғаны.
Ал будандастыру нәтижесінде екінші ұрпақта белгілердің ажырауы
байқалмай, алынған ұрпақтың барлығы біркелкі бір аналық белгіні
көрсетсе, онда генотипі гомозиготалы екенін көрсетеді. Мысалы,
қан қызыл гүлді бұршақ өсімдігінің генотипін анықтау қажет. Қан
қызыл белгі басым болғандықтан, оның генотипі АА және Аа болуы
мүмкін. Ол үшін қан қызыл гүлді бұршақ өсімдігін, рецессивті го-
мозиготалы ақ гүлді өсімдіктің тозаңымен тозаңдандырады.

    Генотип бойынша: 2Аа : 2аа = 1:1.
    Фенотип бойынша: 2 қан қызыл : 2 ақ = 1 : 1.
    Сонда Ғ2-де алынған ұрпақтардың белгілері 1:1 қатынасында
ажырайды. Ұрпақтың тең жартысында доминантты белгі, екінші
жартысында рецессивті белгі көрінеді. Бұл жағдай аналық орга-
низмнің генотипі гетерозиготалы (Аа) болғанын көрсетеді.

           76

⇐ МАЗМҰНЫ
   71   72   73   74   75   76   77   78   79   80   81