Page 74 - index
P. 74

13-сурет. Дигибридті будандастыру. Пеннет торы

түсін және пішінін анықтайтын гендер әр хромосомада орналас-
қан. Тұқымы сары, тегіс бірінші ұрпақ (Ғ1) будандарын өздігінен
тозаңдандырғанда, екінші (Ғ2) ұрпақта Мендельдің ажырау заңына
сәйкес белгілердің ажырауы байқалады.

    Бірінші ұрпақ буданы екі жұп аллельдер бойынша дигетерози-
гота болғандықтан (АаВв), төрт типті гамета түзеді, себебі А және
В гендер гомологті емес хромосомаларда орналасқан. Ал хромосо-
малар мейоздық бөлінудің І анафазасында полюстерге бір-бірінен
тәуелсіз ажырайды.

    Хромосомалардың тәуелсіз үйлесуіне сәйкес гаметалардың түзі-
луін мынадай әдіспен шешуге болады. Жасушаның мейоздық бөлі-
нуінде А гені бар хромосома В және в аллелі бар хромосомамен
сіңлілі жасушаға өтуінің ықтималдығы бірдей болғандықтан, үйле-
суі АВ және Ав болады. Осы сияқты а гені бар хромосома В және
в аллелі бар хромосомамен сіңлілі жасушаға өтуінің мүмкіндігі бір-
дей болғандықтан, аВ және ав гаметалар түзеді:

           74

⇐ МАЗМҰНЫ
   69   70   71   72   73   74   75   76   77   78   79